М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты V Республикалық интеллектуалдық конкурсы өтті. Мерейтойлық конкурсқа Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен 92 оқушы қатысты.
Іс-шараның мақсаты — туған ел тарихына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау, оқушылардың өлкетану және Қазақстан тарихы бойынша білімдерін дамыту. Ақмола облысынан қорытынды кезеңге 4 оқушы, облыстық кезеңнің алтын медаль иегерлері қатысты.
Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы IT лицейінің 10 сынып оқушысы Ербатыр Ернияз «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі диплом иегері атанды;
Астана қаласы, №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Дәулетқызы Баян «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды;
Есіл ауданы, Есіл қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Түгел Кінәзия «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша грамотаға ие болды;
Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Дулатова Алуа «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша грамотаға ие болды.