Алты ұйым сайлауда сауалнама жүргізу туралы хабарландыру жолдады – ОСК

АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы сайлауда қоғамдық пікірге сауалнама жүргізетін ұйымдардың тізімін жариялады.

“2022 жылғы 5 қарашадағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясы алты заңды тұлғадан қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу туралы хабарлама алды”, – деп жазылған ОСК хабарламасында.

Осылайша, мына ұйымдар Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауында әртүрлі зерттеулер, сауалнамалар және экзит-пул жүргізеді:

1.”Қоғамдық пікір” зерттеу институты – талдау әдісі: деректерді енгізу және өңдеу, сондай-ақ SPSS бағдарламасы арқылы бір өлшемді, екі өлшемді және үш өлшемді кестелерді шығару;

2.”AMANAT” партиясының “Қоғамдық

саясат институты” жеке меншік мекемесі – “face to face” сұхбат сұрау әдісі, дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пунктерінен тыс сауалнама (exit-poll);

3.”Жастар” ғылыми-зерттеу орталығы – талдау әдісі: корреляциялық және ковариациялық талдаулар жүргізу, сондай-ақ жүргізілген сауалнамалардың қайталама талдауы;

4.”Демократия институты” Ғылыми-зерттеу қауымдастығы – “face to face” сұхбат әдісі;

5.Астана – Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты ОФ ИКСИ “СОЦИС-А” – дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пунктерінен тыс сауалнама (exit-poll);

6.DAMU RG зерттеу тобы – “Халықтың сайлауалды көңіл-күйі” сауалнамасы, CAWI сауалнама әдісі (Computer Assisted Web Interviewing).

“Заңды тұлғалардан келіп түскен хабарламалар туралы ақпарат Орталық сайлау комиссиясының сайтында жаңартылады”, – делінген хабарламада.

Орталық сайлау комиссиясы қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу тәртібі мен оның мерзіміне ерекше назар аударды.

“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заңның 32-бабы 1-тармағына сәйкес сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргізуге тыйым салынады.

Осылайша, қоғамдық пiкiрге сауалнаманы сайлау жарияланған сәттен бастап дауыс беру күніне дейін жүргізуге болады.

Ал “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заңның 28-бабы 9-тармағына сәйкес дауыс беру күніне бес күн қалғанда және дауыс беру күні бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық пікірге сауалнама нәтижелерін, сайлау нәтижелерінің болжамдарын, сайлауға қатысты басқа да зерттеулерді жариялауға жол берілмейді.

 270 Total Views,  2 Views Today

By Арқа ажары

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар