«АрселорМиттал Теміртау» шахтасында тағы бір адам көз жұмды

– «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қарасты «Қазақстан» шахтасынан қызметкердің денесі табылды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

««АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасының аумағында көмір департаменті бөлімшелерінің бірінде жұмыс істейтін қызметкердің денесі табылды. Оқиға болған кезде жұмыскер қызметтік міндеттерін атқармаған», – деп түсіндірді компанияның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта ішкі істер органдары қайғылы жағдайдың мән-жайын тергеп жатыр.

Еске сала кетейік, 3 қарашада дәл осы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментіне тиесілі Ленин атындағы шахтада апат болды. Апаттан 5 кенші көз жұмды. Кеше марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар