Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетауда халықты әлеуметтік қорғау және еңбек қатынастары мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өтті - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетауда халықты әлеуметтік қорғау және еңбек қатынастары мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өтті

«Адал көмек» құқықтық сауаттылықты арттыру жобасы аясында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту және еңбек қатынастары мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауды және оларға кеңес беруді ұйымдастырды.

Қабылдау барысында азаматтар облыстық Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының, Еңбек инспекциясы басқармасының, Көкшетау қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің, Көкшетау қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының басшылығына тікелей жүгіне алды.

Өтініштер жұмысқа орналасу, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, санаторий-курорттық ем алу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, неке-отбасы қатынастарын реттеу және басқа да мәселелерге қатысты болды.

Мәселен, қаланың Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімімен санаторий-курорттық ем алуға өтініш білдірген азаматтың мәселесі оң шешімін тапты, ал Халықты жұмыспен қамту орталығы қабылдау барысында өтініш білдірген өңірдің екі жұмыссыз тұрғынына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсететін болады.

Іс-шара қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар басшылығы келіп түскен барлық сұрақтарға тиісті түсініктемелер берді.

Естеріңізге сала кетейік, «Адал көмек» жобасы халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына тегін заң көмегін көрсетуге бағытталған. Осы жоба шеңберінде азаматтарды қабылдау және оларға кеңес беру өңірдің әлеуметтік нысандары базасында айына екі рет жүргізіледі. Анонстар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ресми сайтында, БАҚ және әлеуметтік желілерде орналастырылады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар