ОСК 134 шетелдік байқаушыны аккредиттеді

 – Бүгін ҚР Орталық салау комиссиясының отырысында 20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауына 134 халықаралық байқаушы аккредиттелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылғы 1-7 қараша аралығында Орталық сайлау комисссиясына Сыртқы істер министрлігінен 4 халықаралық ұйым мен 14 шет мемлекеттен 134 байқаушыны аккредитациядан өткізу үшін ұсыныс түсті. 4 халықаралық ұйымнан 110 байқаушы аккредитациядан өткізуге ұсынылды. Олардың ішінде, ТМД-дан – 55, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясынан – 34, ШЫҰ байқаушылар миссиясынан – 19, Түркі мемлекеттері ұйымынан 2 байқаушы бар. 14 шет мемлекеттен аккредитациядан өткізу үшін 24 кандидатура ұсынылып отыр. Атап айтсақ, Ирак, Италия, Латвия, Өзбекстан Сербия, Финляндия Ұлыбританиядан – 2 байқаушыдан, Армения, Қырғызстан, Литва, Польша, Тайланд және Мажарстаннан 1 байқаушыдан, Ресей Федерациясынан – 4 байқаушы», – деді Мұхтар Ерман.

Осыдан кейін Орталық сайлау комиссиясы тиісті қаулы жобасын қабылдады. Сонымен 2022 жылғы 8 қарашадағы жағдай бойынша халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден аккредиттелген байқаушылар саны 271 адамға жетті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар