Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Партизан ақын тағылымы - АРҚА АЖАРЫ

Партизан ақын тағылымы

Көкшетау қалалық қазақ үлгілі кітапханасында «Туған өлке» жобасы аясында қазақтың партизан ақыны, жерлесіміз Жұмағали Саинның туғанына 110 жыл толуына арналған «Қайраткер жазушы»  атты  әдеби кеш  болып өтті.

Кітапхана жас  ұрпақтың Отанына, халқына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, сондай-ақ, еліміздің мәдени-әдеби өркендеуіне өздерінің өшпес қолтаңбаларын қалдырған Көкше өңірінен шыққан қайталанбас тұлғалардың қайраткерлікөмір жолын  өскелең ұрпаққа үлгі ету мақсатында «Туған өлке» атты жобаны қолға алған болатын. Аталмыш жоба аясында өткізілген шара ақынныңшығармашылығын насихаттау, жас ұрпаққа дара болмысын ашу, жас ұрпақты кітап оқуға шақыру мақсатында ұйымдастырылды.

Шараға  өз туған өлкесінің  талантты тұлғаларын тануға зор ықылас танытып жүрген Көкшетау жоғары техникалық колледжінің студенттері, «Білім инновация» лицей-интернатының оқушылары және кітапхана оқырмандары қатысты.

Әдеби кеште ақынның өмірі мен шығармашылығы, майдан жолы жайлы жан-жақты, мазмұнды мағлұматтар беріліп, деректі фильм көрсетілді, өлеңдерімен поэмаларынан үзінділер оқылды. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледждің оқытушысы Гүлнәр Жексенбаева Жұмағали Саинның қазақ әдебиетіне қосқан елеулі үлесі мен кітаптарының идеялылығы мен мазмұндылығына кеңінен тоқталып,  жастарға ақынның бойындағы қайсарлықты, қарапайымдылықты, ұлтжандылықты үлгі етті. Шарадан соң қатысушылар Жұмағали Саинның жеке мұрағатынан алынғанзаттарды өз көздерімен көру үшін Ақмола облыстық әдебиет және өнер музейіне барды. Онда оқырмандар ақынның кітаптарымен бірге, өзі марапатталған Еңбек Қызыл Ту орденін, басына киген тақиясын, пианиносын тамашалап,  қызығушылық танытты.

Жанар АЙТҚОЖИНА,
Көкшетау қалалық қазақ
кітапханасының меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар