Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жедел жәрдем қызметінде өткір мәселелер бар - АРҚА АЖАРЫ

Жедел жәрдем қызметінде өткір мәселелер бар

Биыл Ақмола облысының тұрғындары жедел жәрдем қызметіне сирек жүгінетін болған.  Жыл басынан бері өңір тұрғындары 216 мыңнан астам шұғыл көмек мамандарын шақырған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,8 пайызға аз. Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының бас дәрігері Александр Высоцкий өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осыны мәлімдеді. .

Оның айтуынша, бүгінде медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 69 бригада бар. Оның 9-ы дәрігерлік және 60-ы фельдшерлік. Олар 100 пайыз санитарлық автокөлікпен және медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Десе де, аймақтың тұрғындарын алаңдататын ең маңызды және өзекті мәселе – жедел медициналық көмек көрсетудің сапасы. Шағымданушылар саны да көбейіп келеді.

–Егер кенеттен диспетчерлердің бұрыс әрекетіне немесе қызмет көрсету барысындағы дөрекілікке шағым түскен жағдайда міндетті түрде талдау жасаймыз. Жалпы, шақыртудан кейін жеделдік санаты анықталады. Бізде олардың төртеуі бар. Бірінші санат – науқастың өміріне қауіп төнген кезде және оның жету мерзімі 10 минут. Екінші санат – көмек көрсетілмеген жағдайда өміріне қауіп төнуі мүмкін деген санат, оған  15 минут уақыт беріледі. Үшінші санат – денсаулыққа қауіп төнген кезде 30 минутта жедел жәрдем тиісті орында болуы қажет. Төртінші санат – өршуі созылмалы аурулар немесе денсаулыққа қауіп төндірмейтін жедел аурулар. Бұл қоңырауға қызмет көрсетуге бір сағат уақыт беріледі. Емханалардың өкілеттігінде – төртінші санаттағы барлық шақырулар. Яғни, бұл үшін жеке қаржыландыру және кадрлар тағайындалады. Бірақ, пациенттер әрқашан бір сағат күткісі келмейді, шағым білдірушілердің көбеюіне басты себеп осы. Жедел медициналық көмек көрсетудің орташа уақыты20 минут, – деп түсіндірді Александр Высоцкий.

Міндетті медициналық сақтандыру қоры, медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті, пациенттерді қолдау қызметі және басқа органдар жедел жәрдем қызметінің сапасын үнемі бақылау үстінде. Негізделген шағымдар мен анықталған бұзушылықтар орын алған жағдайда жедел жәрдем қызметкерлеріне айыппұл салынады. Аудандық ауруханасы жоқ Целиноград ауданында халыққа қызмет көрсету мәселесі өткір тұр. Сондықтан ондағы тұрғындарды Астана қаласындағы №2 көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізуге тура келеді.

–Бұл  жағдай белгілі бір мәселелерге әкелмей қоймайды. Айталық, медициналық ұйымға 7 мың адам тіркелген, іс жүзінде мұнда 18 мың адам тұрады. Мысалы, Қосшы қаласында 30 мыңға жуық адам тіркелген. Бірақ, полиция мен әкімдіктің айтуынша, 70 мың халық тұрады. Жедел жәрдем қызметін қаржыландыру бекітілген халық саны бойынша жүргізіледі. Біз бригадаларды өзімізге бөлінетін қаражат есебінен ашамыз, – деді брифингте бас дәрігер.

Тағы бір мәселе – медициналық қызметкерлермен және жүргізушілермен қамтамасыз етілу. Егер жедел жәрдем станциясы фельдшер-дәрігерлермен 88 пайызға қамтамасыз етілген болса, жүргізушілер 80 пайызға қамтамасыз етілген. Александр Высоцкий атап өткеніндей, жүргізушілер төмен жалақы мен үлкен жауапкершілікке байланысты бұл салаға келуден бас тартады. Сонымен қатар, жұмыс барысында олардың өміріне қауіп те төніп жатады. Жылына орта есеппен жедел жәрдем көліктерінің қатысуымен 4-тен 6-ға дейін жол-көлік оқиғасы орын алады және әрқайсында жедел жәрдем жүргізушілері кінәлі деп танылатын көрінеді.

–Біз жүргізушілерді ынталандыру үшін  кәсіпорын қаражаты есебінен 20 пайыз қосымша ақы төледік. Денсаулықсақтауминистрлігінің медицина қызметкерлерінежалақыныкөтерутуралы хаты да бар. Бұл тек жеделжәрдемгеғанақатыстыемес, –дептолықтырды Александр Высоцкий.

Халықбазынасынескергенжеделжәрдемқызметіжұмыссапасынарттыруғакөпкөңілбөліпжатқанынатапөткенжөн. Медицина қызметкерлеріншұғылкөмеккөрсетудіңхалықаралықстандарттарыбойынша 100 пайызоқытужүргізілді. Сондай-ақ, жүргізушілер  де «қауіпсізжүргізу» тренингінетегісқатысып, біліктіліктерінарттырған көрінеді.

Камила ӘБДЕЛМАНОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар