Сайлау-2022: Салтанат Тұрсынбекова теледебатта бесінші болып сөз алады

 – Бүгін сағат 20:00-де «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Қазақстан президенттігіне кандидаттардың және олардың сенімді өкілдерінің қатысуымен телевизиялық дебат өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы шара қарсаңында Астанада жеребе тасталды, онда президенттікке кандидаттардың теледебатында сөз сөйлеу тәртібі анықталды. Ресми шараға барлық үміткерлердің штаб басшылары қатысып, реттік нөмірлерін таңдады.

Жеребе нәтижесінде құқық қорғаушы Салтанат Тұрсынбекова бесінші болып сөз сөйлейтіні белгілі болды, деп хабарлады кандидаттың штабынан.

Теледебатта үміткерлер сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, бір-біріне сұрақтар қояды, сондай-ақ қазақстандықтардың сауалдарына жауап береді.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал 20 қарашада президент сайлауы өтеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар