Құрметті ата-аналар! Өрт қаупі мол қысқы жылу беру кезеңі басталды. Осыған орай, өз қауіпсіздігіңіз бен балаларыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мүмкіндігінше балалармен төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстау туралы жиі сөйлесіп, оларға өрт және басқа тұтанғыш заттармен ойнаудың ықтимал салдарлары мен қауіптерін түсіндірсеңіздер екен. Қайғылы жағдайларды болдырмау үшін біз балалардың қолдарына сіріңке ұстамауын қатаң түрде қадағалауымыз керек.
Егер сіз балалардың өздері от жағып, сіріңкемен және оттықпен, тұтанғыш сұйықтықтармен ойнап жатқанын көрсеңіз, оларды дереу тоқтатыңыз! Балаларға жаман үлгі көрсетіп, олардың көзінше темекі тартпаңыз, қараңғы бөлмелерді жарықтандыру үшін қағаз жақпаңыз. Сіріңкені балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Есіңізде болсын, сәл немқұрайлылық үлкен қауіп-қатерге әкелуі мүмкін. Қараусыз қалғанда балалар үлкендерге еліктеп, өздерін қожайын сезінеді, электр құрылғыларын қосады, электр сымын жөндейді, тіпті кейде пәтерде от жағуы мүмкін. Осындай «өзім білемнің» салдары қайғылы аяқталуы мүмкін, тәжірибе көрсетіп отырғандай, балаларға өрт қауіпсіздігі ережелері туралы үнемі еске салып отыру қажет. Бұл талаптарды орындау әдетке айналып, ерекше күш-жігерді талап етпейтін кәдімгі күнделікті қалыпты жағдай болғаны жөн. Өрт қауіпсіздігі ережелерін балалардың санасына кішкентай кезінен бастап сіңіруіміз керек!
Азамат ЖАҚСЫБАЕВ,
Көкшетау қаласы төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері, азамат тық қорғаныс майоры.