Газ иісінен уланып қалмаңыздар

Адамдардың өміріне тұншықтырғыш газбен улану қатты әсер етеді, ол адамдарды ауыр жағдайға ұрындыратын қауіпті жағдайлардың бірі болып табылады. Бұндай жағдай жылу көзі – пеш ақауының, қозғалтқышы қосылған жабық автомобиль ішінде, адамдардың өрт ошағында болуы салдарынан болады.

Тұншықтырғыш газдың иісі жоқ, тұншықтырғыш газбен улану білінбеуі мүмкін, ол барлық от жағылатын жерлерде жиналады. Тұншықтырғыш газбен дем алғанда адамдар бас ауруын және тұншығу сезімін сезінеді. Тұншықтырғыш газ қосылымының жоғарылауында әлсіреп және естен танып, 30 минуттан кейін қаза болады. Тұншықтырғыш газдың пайда болуының негізгі себебі – от жағылған жерде оттегінің жетіспеуі.

Адамға тұнышықтырғыш газдың әсер ету механизмі мынадай. Ол қанға кіргеннен соң, гемоглобин талшықтарын шырмаудан тұрады. Нәтижесінде гемоглобин оттегін өткізу қабілетінен айрылады. Адам неғұрлым тұншықтырғыш газбен дем алса, соғұрлым оның қанындағы гемоглобиннің жұмыс жасау қабілеті азаяды және организм соғұрлым аз оттегін алады. Сөйтіп, адам тұншыға, басы ауырып, есінен жаңыла бастайды. Егер мезгілімен таза ауаға шықпасанемесе біреулер есінен танған адамды таза ауаға шығармаса, ол қаза болуы мүмкін. Тұншықтырғыш газбен уланудың белгілері: бұлшық еттің әлсізденуі, бас айналуы, жүрек айнуы, құлағындағы шуыл. Дем алысы тоқтағаннан кейін жүрек біраз уақыт жұмыс жасауы мүмкін. Пайдаланылған газдарды шығаратын ең көп тараған қауіп көздері – бұл газ немесе маймен жанатын пештер, ағаш жағатын пештер, газ құралдары, су жылытқыш және қозғалтқыштар. Пештегі жарықшақтар, түтін шығатын құбырлардың бітеліп қалуы тұншықтыратын газдың тұрғын үй ішіне тарауына мүмкіндік береді. Пешке таза ауаның толық келмеуі тұншықтырғыш газдың жиналуына әсер етуі мүмкін. Зардап шеккенді үйден шығару кезінде онда қауіпті тұншықтырғыш газ қосылымы барын, есіңізде сақтаңыз. Уланып қалмау үшін ең алдымен, өзіңізді де қауіпсіздендіру керек. Ол үшін тез әрекет жасау және қол орамал немесе дәке арқылы дем алу қажет.

Азамат ЖАҚСЫБАЕВ,
Көкшетау қаласындағы ТЖБ аға инженері,
азаматтық қорғаныс майоры.

 

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар