Қазақстанда неке қиюды тіркеу тәртібі

Неке қию –адам өміріндегі ең маңызды және есте қаларлық кезеңдердің бірі. Үйлену тойына дайындық қиындықтарынан басқа, болашақ ерлі-зайыптыларда некені қалай дұрыс тіркеу керек, қандай құжаттарды дайындау керек, қайда жүгіну керек және нәтиже қандай болады деген сұрақтар туындайды. Бүгін некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеуге қатысты ең өзекті мәселелерді қарастырайық.

Азаматтар қай жаста некеге тұра алады (ерлі-зайыпты бола алады) және қандай мемлекеттік органға өтініш бере алады?

Некені тіркеу үшін ер адам мен әйел толық келісімге ие болып, неке жасына жетуі керек. Қазақстан Республикасында неке жасы 18 жасты құрайды. Егер азаматтардың біреуі неке жасына жетпеген болса, онда тіркеуші орган бұл жасты: жүктілік немесе ортақ бала туған кезде екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. Ол үшін некеге тұрған адамдар мен олардың ата-аналары немесе қамқоршылары неке жасын төмендету туралы өтініш беруі керек. Жасы 18 жасқа толмаған тұлға үшін ата-анасының жазбаша келісімі, міндетті шарт болып табылады.

Неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы өтініш тіркеуші органға, яғни, Ақмола облысының аумағында жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөліміне некеге тұрған (ерлі-зайыпты болған) адамдардың жеке қатысуымен беріледі.

Неке қию (ерлі-зайыптылық) үшін қандай құжаттар қажет?

Неке қию (ерлі-зайыпты болу) үшін тіркеуші органдарға бірлескен өтініш, жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат, 1 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек (2022 жылға 3063 теңге),егер өтініш берушілердің біреуінде неке қайталанған болса, некені бұзу туралы куәлігі және балалардың туу туралы куәлігі, (олар болған кезде)ұсынылады.

Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеуге өтініш беру мерзімі.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінесоңғы өзгерістерге байланысты  неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу мерзімі бір айдан 15 күнге дейін қысқартылды.Неке некеге тұруға ниет білдірген тұлғаның қатысуымен 15-ші күнтізбелік күнге тіркеледі, ол неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы бірлескен өтініш берілгеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі және мерзімнің аяқталуы жұмыс істемейтін күнге келеді, содан кейін одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.

М.Төкеева,
Ақмола облысы әділет департаменті
тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету
және бақылау бөлімінің жетекші маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар