Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өгей шеше - АРҚА АЖАРЫ

Өгей шеше

Қыс. Қыстың сақырлаған сары аязының қауқары басылып, түнгі жауған қалың қарды жел үрлеп, алай-дүлей борандатып, таяқ тастам жер көрінбейтін ақпанның ақ бораны күшіне енген кез. Түс ауа қалың қар жауып, боран одан бетер күшейе түсті.

Адамзат өмірі де, мінезі де сан түрлі табиғаттың тосын мінезіндейқұбылмалы. Шағын бір отбасының өзіндегі тіршіліктің белгісі бірінде әуелеген әндей тартымды болса,ал енді бірінде алай-дүлей боранмен пара-пар.

–Шашыңды жұлып, қолыңа берейін бе? Тоғыз жасқа келсең де, тобықтай миың жоқ, мисыз. Осы үйді мен ғана жинауым керек пе екен?!

Күнделікті әдетке айналған байбаламына басқан өгей шешесі талдырмаштай Арайды түтіп жеуге даяр.

Бұл үйде оған қорған боларлық жан жоқ. Әкесі таң атар-атпаста тұрып шойынжол бекетіне жұмысына кетіп, кеш қайтады. Өгей шешеден туған үш жасар Ұлан өзімен-өзі әлек.

Өгей шешелердің бәрі бірдей бола бермейді. Өзінен тумаса да, бауырына басып, туғанындай мәпелеп өсіретіндер баршылық қой. Алайда, Арайдың анадан жастайынан айырылып, қатыгез шешенің қолына түсуі тағдырдың бір сынағындай. Оқуы, үй шаруасы, кіші інісін күтіп-бағуы сияқты шаруалар қаршадай қыздың қанатын ерте қайырды. Бала болып қуыршақ ойнамай, сүйген асын сүйсініп жемей, сыныптас құрбыларындай жадырап-жайнап жүре алмай, анаға деген сағынышы, күйбең өмірдің ауыртпалығы жас қыз баланы ерте есейткен еді.

–Әй, Арай,  ана шелекті алып, көмір алып кел, отқа көмір салам, – деппештің қасындағы үлкен шелекті меңзеді.

–Мен, мен әкеле алмаймын…

–Неге  әкеле  алмайсың?  Қол-аяғың  сау,   мүгедексің бе?  Қанымды    ішіп

болдың ау, жетімек! – деп, өршеленіп келіп қаршадай қыздың бетінен салып кеп жіберді. Жасына салмағы шақ келмейтін Арай допша домалап, есіктің босағасына барып соғылды. Басы есіктің жақтауына қатты соғылғаны сонша – құлақ шекесі тыз етіп ауырып, көзі қарауытып, басын көтере бере  қайта құлап түсті.

Біраздан соң, көзін ашып жан-жағына қарағанында өз төсегінде жатқанын көрді. Басы таңулы. Босағада тыным таппай тықылдаған сағатқа қарап еді, сағат үш жарым болыпты. Үй іші тып-тыныш. Сол тыныштықты жанына келген өгей шешесі бұзды:

–Арай,  кешке   әкең  келіп,  «басыңды  неге  таңып  алғансың?» деп сұраса, «құлап қалдым» деп айт,  әйтпесе ісім сенімен болады! – деп қатулы үн қатып, келесі бөлмеге кетіп қалды.

Арай ес білгелі бұлай күндіз жатып көрмеген, ыңғайсызданып жатып жастық пен тысының арасына жасырып жүрген анасының суретін алып, көрпені басынан асыра жамылып, күндегі  ұйықтар алдындағы әдетінше суретке ернін тигізіп: – Анашым, менің басым қатты ауырып тұр, сипашы менің басымды, – деп, байқаусызда даусы шығып кетіп, суретті кеудесіне басып сәл тыным тапты. Анасының қалай қайтқанын білмейді. Оған ешкім айтқан да емес, есінде қалғаны үйде кісілердің көп болғаны, олардың жылағандары, анасын кілемге орап далаға алып шыққаны. Кей кездері әкесі екеуі ауыл сыртындағы зиратқа баруы, әкесінің күбірлеп бірдемелерді айтып, бетін сипауы, үзік-үзік уақиғалар есіне түсе берді. Көп кешікпей бойына бір тылсым күш пайда болып, орнынан ақырын тұрып киіне бастады.

Кешкі жұмыстан келген әкесі үйде қызының жоқ екенін көріп:

–Қызымқайдакеткен, тағы бірдеңеге жұмсадың ба?– деген сөзіне келіншегі аса мән бермей, жүре сөйлеп:

–Қайда болушы еді? Ойнап кеткен шығар…– дей салды.Не ойларын білмеген әкесі есік босағасына сүйеніп, жазда қызымен екеуінің арасында болған бір жәйт қас-қағым сәт ойына орала кетті.

Бірде өзі қызының бөлмесіне кіргендеол жастықты құшақтап, етбетінен жатып, жылағанын көріп:

Қызым, саған не болды, бір жерің ауырып қалған жоқ па?– деп қасына келіп отырды да,оның шашынан сипап, көңілін ауламақ болды. Қызы басын көтеріп, әкесіне қарағанда жасқа толы екі жанары қып-қызыл болып кетіпті. Ол жалма-жан қолындағы бір затты жастықтың астына сүңгітіп жіберіп, әкесінен көзін алмай:

–   Әке, мен, мен мамамды қатты сағынып жүрмін – деді.

–  Қызым-ай! Мамаңды сағынған дұрыс қой, бірақ, ол бізден алыста, енді  келе алмайды.

–   Әке, түсінемін, Сәуле апай маған ұрысқан сайын «Сенің анаң өлген, енді саған ол жоқ. Сенің анаң енді менмін» дейді. Мен ол апайды жақсы көре алмаймын. Әкетай,  осы үйде екеуіміз-ақ тұрайықшы, мен үйдегі бүкіл шаруаны өзім істеймін, тамағыңды да пісіріп беремін, кірімізді де жуамын, тек өзіміз ғана тұрайықшы,– деп, қызы

әкесінің мойнына асыла кетіп еді.Сосынсол бір тар бөлмеде екі адам үн-түнсіз жылап мауқын басқан.Бірі– өзі, алғашқы жарынан айырылғасын көп кешікпей Сәулені алған. Ондағы ойы, баласының ана тәрбиесін алып өссін дегені. Алайда жар таңдауда қателікке ұрынғанын ұққан. Араларында бала болғандықтан, тағы да бір баланың көз жасына қалмайын деп, баянды бақытқа қолы жетпеседе, тіршілікті жалғастырып отырған жайы бар. Екіншісі – өгей шешеніңкүннен-күнгі өрбіген өктемінен шаршаған қаршадай қыз баласы еді.

Осылайша өзі мен қызы жаралы жүректерінің жарасын, ішкі шер-мұңын көз жастарымен жұбатып, сол бір кездері біраз отырғаны есіне оралды.

Ол енді есін бірден жиып, әйелінен мәнді жауап ала алмай,қызының шағын бөлмесіне кірді. Жастықта жасырын, құпияда ұстап, анасының суретін байқатпай тығып жүретінін білетін. Алайда тіс жарып жарияламайтын. Ол ақырын келіп, жастықтың тысына қол жүгіртіп еді, суреттің орнына жарты парақ қағаз қолына лекті. Содан«Әке, мен анама кеттім» деген бір ауыз хатын оқып, не қыларын білмей абыржып, кереуетке отыра кетті.

Сәлден соң орнынан асыға тұрып,апыл-ғұпыл  сырт киімін  киіп, сыртқа шықты.Далада боран әлі ұйытқып тұр, іңір түскен. Есі кеткен әкесі қызын анасының басынан іздеу керек екенін біліп, боранға қарсы омбылап «Қызым, адаспай, аман-есен болса екен»  деген оймен, зиратқа қарай асыға жүріп кетті.

Бұл уақытта  анасының қабірін ықтап, қойын-қонышына кірген қарды да сезбей, басын ораған дәкедегі мұз боп қатқан қанға да көңіл бөлмей, боранмен арпалысқан талдырмаш денесінің шаршап қалғанына да қарамай, Арай бүк түсіп жатып қалғалы біраз уақыт болған. Оның  шешесінің ыстық құшағына енудіармандаған ойын қасына келіп бір қолымен қызын, бір қолымен сүйікті жарының қабірін құшақтап жата кеткен әкесі бұзды.

–Құдай-ау! Ау, құдайым, не жаздым мен саған! Сүйген жарымды алғаныңаздай, қызымнан да айырыла жаздадым. Мен пақырға сол керек шығар. Адамды жылтыраған сыртынан емес, жылы шуақ төгер жүрегінен танымай сорланған екем, енді қатемді қайтсем де түзетемін, – деп, қатты қателескенін өксігімен мойындап, шалажансар жатқан қызын орнынан тік көтеріп, ауылды бетке алды.

Қаратай ТӨЛЕКЕЕВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар