Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
 «Жұмыс берушілер күні» – жақсы бастама - АРҚА АЖАРЫ

 «Жұмыс берушілер күні» – жақсы бастама

15 қарашада Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен еліміздің барлық колледждерінде жұмыс берушілер күні ұйымдастырылды.

Кез-келген мемлекеттің дамуының негізі – ол бәсекеге қабілетті білім беру жүйесі. Ел экономикасының барлық салаларының табысты дамуы үшін кәсіптік білім беруге ерекше назар аударылуы тиіс.

Ақмола облысы үлкен өнеркәсіптік әлеуетке ие ірі аграрлық-индустриялық өңір болып табылады.Облыс колледждерінің 17 мың студенті немесе 80 пайыздан астамы тегін негізде оқиды. «Сапалы білім беру. Білімді ұлт» Ұлттық жобасының аясында 2025 жылға қарай өңір үшін ең сұранысқа ие мамандықтар бойынша 9-сынып түлектерін тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету мақсаты тұр.

Қазіргі жағдайда еңбек нарығы динамикалық түрде өзгеріп, жаңа міндеттерді анықтап берді. Жастардан жаңа білім мен дағдыларды талап ететін жаңа мамандықтар пайда болып отыр. Сондықтан, бүгін колледждердің жұмыс берушілермен тікелей диалогын құру бұрынғыдан да маңызды.

Жұмыс берушілер күні облыстың барлық32 колледжінде 500-ге жуық жұмыс берушінің қатысуымен өтті. Олар – қамқоршы кәсіпорындар, дуалды оқытуға, кадрларды мақсатты түрде даярлауға қатысушылар, сондай-ақ, әкімдіктер мен мәслихаттардың өкілдері, журналистер және тағы басқа мүдделі тұлғалар.

«Жас маман» жобасы аясында шеберханаларға, құзыреттілік орталықтарына экскурсиялар өткізілуде, көрмелер, мамандықтар жәрмеңкесі, тәлімгерлер тренингтері, шеберлік сыныптары, диалог алаңдары ұйымдастырылуда. Бірқатар меморандумдар мен келісімдерге қол қою іске асырылды. Колледждер мен жұмыс берушілердің кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша тиімді жұмыс түрлері әзірленді.

Бұл ынтымақтастықтың басым бағыты ЖМББС талаптары, кәсіби стандарттар, академиялық дербестік шеңберінде WorldSkills стандарттары негізінде білім беру бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу болып табылады. Мұның өзі бағдарламалардың мазмұны мен оқу мерзімдерін анықтауға мүмкіндік береді.

Мәселен, 2022-2023 оқу жылының басында облыс колледждерінде жұмыс берушілермен бірлесіп,280 білім беру бағдарламасы енгізілді. Бұл жұмыс жыл сайын 440 жұмыс берушісі бар барлық колледждерде жұмыс істейтін индустриалды кеңестер арқылы жүзеге асырылады.Енді жұмыс берушілер болашақ қызметкеріне тиесілі еңбек функцияларын, білімдерін, дағдыларын, құзыреттері мен оқу нәтижелерін анықтай алады.

28 колледж бойынша 4,5 мың студентті немесе барлық студенттердің төрттен бірін қамтып отырған дуальды оқыту түрі әлі де тиімді болып қала береді.Биыл алғаш рет облыс колледждеріне 886 студент мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында, яғни, кәсіпорындардың өтінімдері бойынша қабылданды. Бұл бастама оқуға түсу кезінде студенттерге жұмыс орындары мен практика базаларын бекітуге мүмкіндік берді. Кәсіпорындар да оқу процесіне қатыса алып, нәтижесінде жақсы даярлықтан өткен маманды жұмысқа алады.

24 мемлекеттік колледж кәсіпорындар мен олардың өкілдерінің индустриялық кеңестерге белсенді қатысуын, студенттер практикасын және кәсіпорындар базасында педагогтердің тағылымдамасын ұйымдастыруды, колледждерді тиісті жабдықтармен жарақтандыруды қамтамасыз ететін меморандумдар мен шарттар жасасты. Мұның бәрі кәсіпорындарға түлектерді қайта даярлаусыз оқыту кезеңінде өз жұмыс орындарының талаптарына бейімдеуге мүмкіндік береді.

Қазіргі әлемде кәсіптік білім беру жүйесін WorldSkills халықаралық қозғалысынсыз елестету мүмкін емес.Бүгінде жұмыс берушілер WorldSkills тәуелсіз сарапшыларының құрамына кіреді, біліктілік емтихандарының төрағалары болып табылады. Жұмыс берушілер күні аясында колледждермен тиімді ынтымақтастық байланыс орнатқан ең белсенді 96 жұмыс беруші Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің, облыстық білім басқармасы басшысының Алғыс хаттарымен марапатталды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар