Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында 71 мыңнан астам тұрғынға тұмауға қарсы екпе салынды - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында 71 мыңнан астам тұрғынға тұмауға қарсы екпе салынды

– Ақмола облысында тұрғындарға тұмауға қарсы екпе салу науқаны жалғасып жатыр. Қазіргі кезде 71 мыңнан астам ақмолалыққа вакцина егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұмаудың алдын алудың ең ұтымды жолы – вакцинация. Халық арасында тұмаудың жаппай таралуын болдырмау және организмде «иммундық қабат» құрылуы үшін жалпы халықтың кемінде 10 пайыз екпе алуы қажет. Вакцина тұмауға қарсы иммунитеттің жоғары деңгейін қалыптастырады.

«Қазірдің өзінде 71 361 мың ақмолалық тұмауға және маусымдық ауруларға қарсы екпе алды, оның 8 265-і – 2-10 жас аралығындағы балалар. Сонымен бірге, жабық үлгідегі мекемелерде (балалар үйі, мектеп интернаттары, балаларға/мүгедектерге арналған интернаттар) – 416 адам, 284 – жүкті әйел егілді, ал қарттар мен мүгедектер үйлерінің контингенті – 1 040, созылмалы аурулары бар ересектер – 21 342. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасады», — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Ведомстводан атап өткендей, вакцинациядан кейінгі қорғаныс әсері, әдетте 8-12 күннен кейін пайда болып, 12 айға дейін сақталады. Адамның жас ерекшелігіне қарай вакцинациядан кейін тұмау вирусына қарсы антиденелердің қорғаныс титрлерінің деңгейі 75-95 пайыз болуы тиіс.

«Облыста есепте тұрған 73 138 адамның барлығы да екпе алуы тиіс. Бұл – созылмалы аурулары бар адамдар, медицина қызметкерлері және жүктіліктің 2-3 триместріндегі әйелдер, жабық мекемелердегі адамдар», — деп толықтырды басқарманың баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облыстық ауруханасында емдеу шаралары қалай жүзеге асырылып жатқандығын жазған едік.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар