Ақмола облысында үздік бастауыш сынып мұғалімі анықталды

Өңірдін білім ұйымдарының педагогтары арасында «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» сырттай конкурсы өтті. Оған 17 ауданнан, Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларынан 30 педагог қатысты.

Ұйымдастырушы Акмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті.

Конкурс педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға, жоғары кәсіби мұғалімдерді анықтауға және қолдауға, олардың біліктілігін жетілдіруге бағытталған.

Байқауға қатысушылар келесі материалдарды ұсынды:
– Бейне сабақ-15 мин;
– Мұғалімнің портфолиосы;
– «Мен бастауыш сыныбының заманауи мұғалімімін» тақырыбындағы эссе.

Қазылар алқасы жұмысының қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:
I орын- Шарипхан Бакытнур, Зеренді ауданының Қонысбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі;
II орын- Ахметова Гульсум Жолдасовна, Көкшетау қаласының № 22 жалпы орта білім беретін мектебі;
III орын – Стихиляс Татьяна Владимировна, Бұланды ауданының Вознесенка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі.

Келесі номинациялар анықталды:
1. «Үздік бейнесабақ» – Айдарбекова Мейрамкуль Насипкуловна, Көкшетау қаласының Мәлік Ғабдуллин атындағы № 3 мамандандырылған гимназиясы;

2. «Үздік портфолио» – Савич Ксения Валерьевна, Бурабай ауданының Щучинск қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі;
3. «Үздік Эссе» – , Жолаушина Сайрангуль Эрсаиновна, Көкшетау қаласының № 5 көппрофильді «Таңдау» гимназиясы».

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар