Өңірдін білім ұйымдарының педагогтары арасында «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» сырттай конкурсы өтті. Оған 17 ауданнан, Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларынан 30 педагог қатысты.
Ұйымдастырушы Акмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті.
Конкурс педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға, жоғары кәсіби мұғалімдерді анықтауға және қолдауға, олардың біліктілігін жетілдіруге бағытталған.
Байқауға қатысушылар келесі материалдарды ұсынды:
— Бейне сабақ-15 мин;
— Мұғалімнің портфолиосы;
— «Мен бастауыш сыныбының заманауи мұғалімімін» тақырыбындағы эссе.
Қазылар алқасы жұмысының қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:
I орын- Шарипхан Бакытнур, Зеренді ауданының Қонысбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі;
II орын- Ахметова Гульсум Жолдасовна, Көкшетау қаласының № 22 жалпы орта білім беретін мектебі;
III орын — Стихиляс Татьяна Владимировна, Бұланды ауданының Вознесенка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі.
Келесі номинациялар анықталды:
1. «Үздік бейнесабақ» — Айдарбекова Мейрамкуль Насипкуловна, Көкшетау қаласының Мәлік Ғабдуллин атындағы № 3 мамандандырылған гимназиясы;
2. «Үздік портфолио» — Савич Ксения Валерьевна, Бурабай ауданының Щучинск қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі;
3. «Үздік Эссе» — , Жолаушина Сайрангуль Эрсаиновна, Көкшетау қаласының № 5 көппрофильді «Таңдау» гимназиясы».