Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Құрметті ауыл шаруашылығы қызметкерлері, тамақ және қайта өңдеу  өнеркәсібінің еңбеккерлері!

Кәсіби мерекелеріңізге байланысты менің ең ыстық құттықтауымды қабыл алыңыздар! Біздің аймақ әрқашан еліміздің басты астық өлкелерінің бірінен саналып келді. Сіздердің қажырлы еңбектеріңізге, өз мамандықтарыңызға шынайы берілгендіктеріңізге байланысты және туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңіздің арқасында аграрлық сала бүгінгі таңда жақсы даму қарқынына ие болып отыр.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығы саласына және қуатты көлік-логистикалық жүйесіне қол жеткізу қажеттігін бірнеше мәрте атап көрсетті.  Мұндай жұмыс біздің аймақты белсенді жүргізілуде.  Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде биыл машина-трактор паркін айтарлықтай жаңартып, көктемгі егіс және күзгі орақ жұмыстарын тыңғылықты атқардық. Соның нәтижесінде ақмолалықтар 5,5 миллион тонна жоғары сапалы астық жинады. Бұл барлық Қазақстан астығының төрттен бір бөлігі болып табылады.

Бүгінде әлемде азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі ең алдыңғы орынға шығып отыр. Облыста соңғы жылдары ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу көлемін кеңейтуде, тамақ өнеркәсібін дамытуда елеулі қадамдар жасалуда. Ондаған тауарлы-сүт фермалары, бордақылау алаңдары және ет өңдеу кешендері іске қосылды. Олардың өнімдері  жалғыз біздің облыста ғана емес, бүкіл республика бойынша танымал.

Құрметті егіс алқаптары мен фермаларының еңбеккерлері, агросервис, дайындау және қайта өңдеу кәсіпорындарының қызметкерлері, сала ардагерлері!   

Сіздерге жоғары кәсіби шеберліктеріңіз және таңдаған іске адалдықтарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Сіздердің шексіз білімдеріңіз, теңдессіз тәжірибелеріңіз келешекте де көздеген мақсаттарға қол жеткізуге көмектесетініне сенім мол.

Осы бір қуанышты күні Сіздердің баршаларыңызға зор денсаулық, өмірдің бар жақсылығын, бейбітшілік пен ынтымақ-береке, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

***

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

 Қарашаның әр үшінші жексенбісінде Қазақстанда ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні атап өтіледі.

Бұл егістік пен ферма жұмысшыларының, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары мен мамандарының, аграршы-ғалымдардың, тамақ және қайта өңдеу индустриясы мен агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.

Ауыл шаруашылығы басты және негізгі салалардың бірі болып табылады, сондықтан оны аймақ пен ел экономикасының драйвері деп атауға болады.  Осы саланың қызметкерлері өздерінің адал және асыл еңбектерімен азық-түлік қауіпсіздігін ғана емес, сонымен қатар облысымыз бен мемлекетіміздің экспорттық әлеуетін арттырып оның орасан зор үлесін қамтамасыз етеді.

Ақмола облысында соңғы жылдары ауыл шаруашылығының барлық бағыттары бойынша тұрақты оң динамика байқалады, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейі айтарлықтай өсті, жоғары технологиялық жобалар іске асырылуда, саланы жаңғырту жұмысы жалғасуда.

Мұның бәрі болашаққа оптимистік көзқараспен қарауға мүмкіндік береді және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев белгілеген ауқымды міндеттерді облысымыздың ауыл еңбеккерлері табысты іске асыратынына сенімділік береді. Экономиканың аграрлық секторының алдында инвестицияларды тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, ішкі және сыртқы нарықтарда өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге байланысты маңызды міндеттер тұр. Біздің фермерлер осы міндеттерді де сәтті орындайтынына күмән жоқ.

Құрметті ауыл шаруашылығы қызметкерлері! Ақмола облысының депутаттық корпусының атынан және өз атымнан сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Сіздердің елордалық аймақтың экономикалық дамуына қосқан үлестеріңіз, сондай-ақ, сарқылмас білімдеріңіз бен мол тәжірибелеріңіз болашақта ауыл шаруашылығы әлеуетінің өсуіне ықпал ететініне сенімдімін.

Сіздерге зор денсаулық, әл-ауқат, жаңа жетістіктер тілеймін! Киын да  асыл еңбектеріңіз үшін үлкен рахмет!

Талғат Жүнісов,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

 

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар