Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы Ақмола облысының барлық аудандарында таныстырылды - АРҚА АЖАРЫ

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы Ақмола облысының барлық аудандарында таныстырылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті құқық қорғау және мемлекеттік органдармен бірлесіп, өңірдің барлық аудандары мен қалаларының тұрғындарымен көшпелі кездесулерді жүзеге асырды.

Ақпараттық кездесулер құқықтық сауаттылықты арттыруға және жергілікті жерлерде халыққа көмек көрсетуге бағытталған «Заң керуені» акциясы аясында өткізілді. Кең ауқымды акцияға облыс прокуратурасының, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың басшылығы, облыс өңірлерінің әкімдері, сондай-ақ жұртшылық пен халық қатысты.

Кездесулер барысында өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның басшылығы Мемлекет басшысының азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тәсілдері туралы хабардар етті.

Атап айтқанда, еліміздің әрбір өңірі үшін Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы әзірленді, онда халық пен бизнесті толғандыратын өзекті мәселелердің тізбесі көрсетілген. Ақмола өңірінде ауыл шаруашылығы, жер, экология, жолдар мен инфрақұрылым әлеуметтік маңызды проблемалық салаларға айналды.

Бүгінгі таңда Департамент Тәуекелдер картасын іске асыру шеңберінде бірқатар шаралар қабылдауда, атап айтқанда тақырыптық мониторингтер жүргізілуде, құқық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері белгіленуде, ұсынымдар әзірленуде, азаматтардың құқықтары қорғалады.

Сонымен қатар, осы бағыттағы неғұрлым тиімді жұмысты қамтамасыз ету мақсатында Департамент басшылығы кездесулерге қатысушыларды белсенді өзара әрекет жасауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыс жүргізуге қатыстырылуға шақырды.

Сондай-ақ, халықтың назарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың маңызды нормалары туралы ақпарат жеткізілді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу жүйесі түсіндірілді.

Бұдан бөлек, мемлекеттік ведомстволардың басшылары азаматтарды қабылдады, онда тұрғындардың проблемалары тыңдалып, тиісті кеңестер берілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар