Щучинск қаласындағы №327 сайлау участігінде дауыс берушілердің қатары таңғы таңсәріден толастамауда.
Алғашқылардың бірі болып, аудан әкімі Ә.Мұздыбаев дауыс берді. Бұл еліміздің ертеңі баршамызды алаңдатып қана қоймай, жарқын болашаққа жол ашар айтулы уақыт болмақ. Сонымен, таңғы 07.00 мен 11.30 аралығында 170 адам келіп дауыс беріп, өз таңдауларын жасауда.
– Қазақ елі үшін бүгінгі сайлаудың маңыздылығы зор, алдағы уақытта еліміз бұдан әрі өркендеп, жанданып өсе береді деген зор сенімім бар. Мен өзімнің таңдаған адамыма дауыс бердім, – дейді 1947 жылы дүниеге келген Карпышева есімді апайымыз.
Жалпы ауданның басқа да сайлау учаскелерінде дауыс беру қарқынды жүріп жатыр деуге толық негіз бар.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Бурабай ауданы.