Әр қазақстандық өз таңдауын жасауда

Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласындағы 43-44-сайлауучаскелерінде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дауыс беру жалғасуда.

Еліміздің тағдырына бейжай қарамайтын әр қазақстандық өз таңдауын жасайтын шешуші сәт те келіп жетті. Осыған орай, 43-сайлау учаскесінде барлығы 2875 дауыс беруші тіркелген.

Еліміздің ән ұранымен басталған сайлаудың бірқалыпты өтіп жатқанынан хабардар еткен №43-ші сайлау учаскесінің төрайымы Сәуле Өмірбаева, әдеттегідей, бірінші болып келген дауыс берушіге сыйлықтары да табыс етіліп, ескерткіш суретке түскендерін атап өтті.

– Сайлауға дауыс беру тура сағат 07.00-де басталды. Соған дейін он шақты дауыс беруші ерте келіп тұрды. Міне, қазір де өзіңіз көріп отырғандай, қазір сайлауға дауыс беруге келушілер қатары көбейіп жатыр. Халықтың келуі қанағаттанарлық. Кешкі 20.00-де дауыс беру аяқталып, жабылғаннан кейін  комиссия қорытындысы шығарылады. Алдын ала жүргізілген жұмыстардың негізінде тиісті дәрежеде өтеді деген сенімдеміз, – дейді, бізбен әңгімесінде, №43-референдум учаскесінің төрайымы Сәуле Жұмашқызы.

Одан әрі №44-ші сайлау учаскесінде де болып, ондағы сайлаудың өту барысын қадағаладық. Ондағы сайлау учаскесінің төрайымы Тоқан Манаргүл, сайлауға алғашқылардың бірі болып келгендеге және алғаш дауыс берушілерге ескерткіш сыйлықтар табыс етілгенін, сонымен қатар, ата-анасы екі баласымен бір отбасынан төрт адам келіп дауыс бергенінен хабардар етті.

Жалпы, Қазақстанның 18 жасқа толған әрбір азаматы сайлауға қатысуға құқылы. Барлық өңірде сайлау учаскелері жұмысын жалғастыруда. Таңғы сағат 07.00-ден басталған  дауыс беру уақыты барлық өңірлерде бірдей 20.00-ге дейін жалғасады.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар