Сайлаушылар белсенділігі жоғары

Қорғалжын ауданында сайлаушылар тізіміне 5182 адам енгізілген. Аудан бойынша күндізгі сағат 12-ге дейін осы сайлаушылардың 2452-сі немесе 47,3 пайызы дауыс беріп, саяси белсенділіктің жоғары екені байқалуда.

–Президент сайлауында дауыс беру барлық сайлау учаскелерінде жақсы өтіп жатыр деп айтуға болады, – дейді бізбен әңгімесінде аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайрат Ақтанұлы Төлеубаев, – әсіресе, дауыс беруге келушілер қатары таңертеңгі сағат оннан 12-ге дейін ұлғая түсті. Олардың ішінде көпті көрген үлкендер де, өмірге жаңа қадам басқан жастар да бар. Биыл аудан бойынша 45 жас сайлаушы тұңғыш рет дауыс бергелі отыр. Осы уақытқа дейін олардың жартысынан астамы өз таңдауын жасап та үлгерді. Сайлауға бірінші болып келген сайлаушыларға, алғаш дауыс берген жоғарыдағы жастарға да сайлау учаскелері тарапынан тиісті сыйлықтар табыс етілді.

Ауданда сондай-ақ, өзіндік өмір сүру ерекшеліктері бар 192 мүгедектің де өз азаматтық құқығын толық пайдаланып, басқалардай дауыс беруіне тиісті жағдайлар жасалған. Атап айтқанда, оларға арнайы көлік бөлініп, үйлерінде дауыс беруді ұйымдастыру қарастырылған.

Осының бәрін ескере келгенде, қорғалжындықтар бұл саяси маңызы  зор оқиғада барлық ақмолалықтар сияқты сайлауға белсенді қатысып, өздерінің жүректері қалаған таңдауларын жасайтынына сенім мол.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.       

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар