Ұйымшылдықпен өткізілуде

20 қараша – Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы облысымыздың Жарқайың ауданында да саяси-қоғамдық маңызы зор оқиға ретінде өңір тұрғындары тарапынан кең қолдау табуда.

Таңертеңнен басталған саяси науқан сағат сайын одан әрі өріс алып, еліміздің ертеңгі кемел болашағы үшін дауыс берушілер қатары молая түсуде. Аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанар Хабидоллақызы Рамазанованың айтуынша, ауданда сайлаушылар тізіміне 10198 адам енгізілген. Аудандағы 24 сайлау учаскесіне келушілер легіне қарағанда, Президент сайлауы бұл өңірде белсенділікпен өтуде деп айтуға болады.

Аудан  орталығында 5 сайлау учаскесі ашылған. Олардың бәрінде бақылаушылар сайлаудың әділ өтуін қадағалауда. Мұндай бақылаушылар елді мекендердегі сайлау учаскелерінде де жұмыс атқаруда.

–Сайлаушылардың қазіргі белсенділігі нәтижесінде жауапты науқан өңірімізде ойдағыдай өтеді деген сенім бар, – дейді өз сөзінде аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы.

Иә, жаңа әділетті Қазақстан үшін сайлау учаскелеріне дауыс беруге келіп жатқан жарқайыңдықтардың жүзінен ертеңгі күнге деген сенім аңғарылады. Олар өз жүрек қалаулары бойынша дауыс беріп, еліміздің ертеңінің жайлы болуына негіз қалап жатыр.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.           

Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар