Қазақстан Елшіліктері жанындағы 63 учаскеде дауыс беру жүріп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан Елшіліктері жанындағы 63 учаскеде дауыс беру жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанынан құрылған 68 сайлау учаскесінің 63-інде дауыс беру жүріп жатыр. Барлық сайлау учаскесінде дауыс беру процесін кандидаттардың сенім білдірген адамдары, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері байқап отыр», – деді Сәбила Мұстафина.

Бүгін елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Барлық өңірде 10 033 учаске дауыс беруге кірісті. Сонымен қатар шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы 63 учаскеде дауыс беру басталды. Шетелдегі 5 учаскеде жергілікті уақытпен дауыс беру басталатын болады. Осылайша, қазіргі уақытта сайлау 10 096 учаскеде өтуде.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар