Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстандағы сайлау барлық қағидалар сай, ашық түрде өтіп жатыр - ТМД миссиясының байқаушылары - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстандағы сайлау барлық қағидалар сай, ашық түрде өтіп жатыр — ТМД миссиясының байқаушылары

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ресей Федералдық жиналысы мемлекеттік думасының еуразиялық интеграция және отандастармен қарым-қатынас, ТМД істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Артем Туров, Ресейдің Алматы қаласындағы Бас консулдығының консул-кеңесшісі Артем Оганов және «Единая Россия» партиясы Орталық атқару комитетінің ТМД және Балтық елдеріндегі парламентаралық ынтымақтастық жобалары басшысы Николай Журавлев мегаполисте өтіп жақан саяси науқанға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Артем Оганов Алматыда сайлау процесінің жақсы ұйымдастырылғанын атап өтті.

«Бұл менің бірінші бақылау миссиям емес. Ең алдымен, сайлау комиссиялары мүшелерінің сайлаушыларға деген мейірімді қарым-қатынасын атап өткім келеді. Мүгедектерге арналған алаңдардың қалай жабдықталғанына да тоқталып өтейін: біз барған жердің барлығында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған кабиналар болды», — деді Артем Оганов.

Журналистер спикерден Қазақстан мен Ресей Федерациясының сайлау үдерістеріндегі айырмашылықтары туралы сұрады.

Өз кезегінде, ол екі елдің де ЕҚЫҰ-ға мүше екенін айтты.

«Бұл дауыс беру кезінде бақылаушылар көбірек болды, әсіресе жастар. Референдумда әр сайлау учаскесінде 4-5 байқаушы болса, бүгінде орта есеппен 7-8 адам бар, оның төртеуі әдеттегідей жастар болды. Жастарды саяси үдерістерге тарту – жақсы тәжірибе», — деді А.Оганов.

Артем Туров сайлау процесі жүйелі түрде құрылғанын, барлығы қолданыстағы ұлттық заңнаманың аясында өтіп жатқанын атап өтті.

«Біз 17 сайлау учаскесінде болып, барлық жерде сайлау комиссиялары мүшелерінің достық қарым-қатынасын, жоғары хабардарлығын көрдік. Кемшіліктерге кезіккен жеріміз жоқ. Біз ТМД елдерінде де, Батыс елдерінде де сайлау үдерісін бақылауға бірнеше рет қатыстық. Қазақстандағы сайлау барлық қағидалар мен ережелерге сай, ашық түрде өтіп жатыр деп айта аламын. Біз Қазақстанның басқа өңірлеріндегі сайлауды бақылап жүрген әріптестерімізбен байланыста болып, олардан да шамамен осындай баға алып отырамыз», — деді спикер.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар