Қазақстанда әділеттілікке сұраныс артты – Еркін Тұқымов

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымовтың пікірінше, қоғамда әділеттілікке сұраныс артты. Ол бұндай пікірді бүгін Jibek Joly телеарнасының эфирінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елімізге осы жылдың қаңтарында келдім. Шамамен төрт жылдай елде болмаған едім. Осы төрт жылда бір Қазақстаннан кетіп, жаңа, басқа Қазақстанға оралғандай болдым. Бұның бәрі ең алдымен қоғамнан байқалады. Қоғам мүлдем басқаша өзгерді. Оны салыстыратын жағдайым бар. Мен қоғамның нағыз бетбұрысын сездім, ашықтыққа, адалдыққа, әділеттілікке, демократия негіздеріне үлкен сұраныс бар. 2019 жылы билік осы векторға іргетас қалаған. Қоғам өзгерді», – деді Еркін Тұқымов.

Еске салайық, JJ Talk және Кривошеев LIVE бірлескен бағдарламасының эфирінде Ерболат Мұхамеджан және Денис Кривошеевпен бірге сарапшылар елімізде бүгін өткен президент сайлауын талқылап, ел болашағы туралы сөз етті.

Видеодан алынған кадр/ jjtv.kz/ru/live

 244 Total Views,  4 Views Today

By Арқа ажары

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар