Бейжіңдегі сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытай Халық Республикасында Қазақстан Елшілігі жанындағы №257 сайлау учаскесі жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де (Астана уақытымен 18:00-де) жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бейжіңдегі №257 учаске өз жұмысын аяқтады. Мұнда күні бойы сайлаушылардың белсенді қатысуы байқалды», – деді Қазақстанның Қытайдағы дипломатиялық өкілдігі жанындағы учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Аққошқаров.

«Осы күндері Бейжіңнің Чаоян ауданында ковидке байланысты шектеулерге қарамастан, сайлаушылардың бүгінгі белсенділігі жақсы болды», – деді ол.

Қазақстан Республикасының Қытайдағы Шанхай және Гонконг қалаларындағы бас консулдықтарының жанындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды. Қазіргі уақытта дауыс санау жүргізілуде.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар