САН-ФРАНЦИСКО. ҚазАқпарат — Сан-Францискода шетелдегі соңғы сайлау учаскесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жайында Сыртқы істер министрлігінен мәлім болды.
Айта кетейік, Қазақстанның шет елдердегі мекемелері жанынан ашылған 68 сайлау учаскесінің 10-ы жұмысын аяқтады.
57 сайлау учаскесі жұмысын жалғастырып жатыр. Ең соңғысы — Сан-Франциско қаласындағы учаске астана уақытымен сағат 21.00-де ашылатыны хабарланған болатын.
Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 282 607 азаматы бюллетень алды.
Бұл — тізімге енген азаматтардың 69,31 пайызы.