Шетелдегі ең соңғы сайлау учаскесі жұмысын бастады

САН-ФРАНЦИСКО. ҚазАқпарат – Сан-Францискода шетелдегі соңғы сайлау учаскесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Сыртқы істер министрлігінен мәлім болды.

Айта кетейік, Қазақстанның шет елдердегі мекемелері жанынан ашылған 68 сайлау учаскесінің 10-ы жұмысын аяқтады.

57 сайлау учаскесі жұмысын жалғастырып жатыр. Ең соңғысы – Сан-Франциско қаласындағы учаске астана уақытымен сағат 21.00-де ашылатыны хабарланған болатын.

Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 282 607 азаматы бюллетень алды.

Бұл – тізімге енген азаматтардың 69,31 пайызы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар