Таяу Шығыста Абу-Даби, Дубай, Маскат сайлау учаскелері жұмыс істей бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Таяу Шығыста Абу-Даби, Дубай, Маскат сайлау учаскелері жұмыс істей бастады.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Ереван, Баку, Астрахан және Тбилисиде де дауыс беруге арналған учаскелер жұмыс істей бастады.

Айта кетейік, бүгін, 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

Алғашқылардың бірі болып Жапония мен Оңтүстік Кореядағы сайлау учаскелері жұмысын бастады.

Токио мен Сеулден алғаш болып қазақстандық кәсіпкерлер Сырымбек Тау мен Юрий Цой дауыс берді.

Сағат таңғы 7:00-де елдің 15 өңірінде дауыс беру басталды.

Сондай-ақ 8 150 сайлау учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар