Вашингтон, Нью-Йорк және Оттавада дауыс беру басталды

Вашингтон, Нью-Йорк және Оттавада дауыс беру басталды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Вашингтонда, Нью-Йоркте және Оттавада сайлау учаскелері ашылып, дауыс беру басталды. Сан-Францискодағы тағы бір учаске уақыт белдеуін ескере отырып кешірек ашылады»», – деді Шавкат Өтемісов.

Жалпы шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанында 68 учаске ашылған болатын. Оның бірнешеуінде дауыс беру аяқталды.

Тек Сан-Францискодағы бір сайлау учаскесінде дауыс беру астана уақытымен сағат 21.00-де басталады.

Жалпы сағат 18.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 108 668 азаматы бюллетень алды. Ол – тізімге енгізілген азаматтардың 67,85 пайызы.

Бүгін елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Барлық өңірде 10 033 учаске жұмыс істеп тұр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар