Депутат зейнетақы жинағын пайдалану шегін төмендетуді ұсынды

– Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов зейнетақы жинағын пайдалану шегін төмендетуді ұсынып, Үкімет басшысына сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сондай-ақ, ол БЖЗҚ Президент тапсырмасын орындауда алдамшы әрекетке барып отыр деген пайым айтты.

«Ең қызығы, БЖЗҚ Президент тапсырмасын сөз жүзінде орындаған болып шығады. Яғни, зейнетақы активтерін басқаруға 4 басқарушы компанияны тартқан. Олардың сенімгерлік басқаруына 9 млрд теңге берілген. Бұл – күлкілі сома, бүкіл зейнетақы жинағының 1%-ына да жетпейді. Ол компаниялардың қазіргі инвестициялық көрсеткіштері БЖЗҚ көрсеткіштерінен төмен. Шын мәнінде, бұлар жеке меншік зейнетақы қоры емес, брокерлік компаниялар», – деді депутат.

Мәжілісмен Үкіметтен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірге зейнетақы активтерін басқаруды жеке зейнетақы қорларына беру арқылы монополиясыздандыруды сұрап отыр.

«Зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану шегі көтерілгеннен бері әлемде теңдесі жоқ бұл бастаманың пайдасы жоққа теңесті. Өзге елдер біздің осы тәжірибені зерттеп жатқаны туралы мәлімет бар. Үкіметке зейнетақы жинағын пайдалану шегін қайта бір қарау керек деп есептеймін. Сондай-ақ, жеке зейнетақы қорларын тартқан кезде де осы тәжірибені ескеріп, салымшыларды ынталандыратын жаңа пакет әзірлеу қажет. Мысалы, азаматтарға жинақтың инвестициялық кірістілігі инфляция деңгейінен жоғары болса, бір бөлігін шешіп алуға мүмкіндік беру керек», – деді Аманжан Жамалов.

Фото: img77.uenicdn.com

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар