Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Инвестициялар – өңір экономикасының өсу кепілі - АРҚА АЖАРЫ

Инвестициялар – өңір экономикасының өсу кепілі

4,5 мың жұмыс орны 192 инвестициялық жобаны іске асыру есебінен құрылады. Олардың жалпы құны 260 миллиард теңгені құрайды. Жыл басынан бері аймақ экономикасына қаржы құю мен инвестициялар айтарлықтай өскен. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Ербол Оспанов айтып берді.

Спикердің айтуынша, өнеркәсіп саласындағы өңір азық-түлік, сусындар, химия өнеркәсібі, металлургия, жеңіл өнеркәсіп өндірісінде оң динамиканы көрсетуді жалғастырып келеді. Облыс кәсіпорнының өндіріс, мамандандырылған автомобильдер, алтын, керамикалық кірпіш және пестицидтер өндірісіндегі жетістіктері ерекше байқалады. Бұл аймақтың экспорттық әлеуетіне де оң әсер етеді. Осылайша экспорттық жеткізу 3 есе, ұн 2,8 есе, мойынтіректер 1,7 есе, жұмыртқа 1,7 есе, зығыр 40,3 пайыз, бидай 11,2 пайызға өсті. Бірақ, бұл ретте сиыр еті мен құс етінің экспорты 95,1 пайызға, сүт пен кілегей 73,6 пайызға, арпа 49,9 пайызға азайғандығын айта кеткен жөн. Өңірдің экономикасын дамытудың негізгі бағыты ретінде инвестициялар үлкен рөл атқарады.

–2022 жылдың ең ірі инвестициялық жобалары – Бурабай ауданындағы қуаттылығы жылына 5 тоннаға дейін қорытпа немесе 5 миллион тоннаға дейін кен өңдейтін алтын өндіру фабрикасы. Аршалы ауданындағы кірпіш зауыты, оның қуаттылығы-жылына 120 миллион данаға дейін, Шортанды ауданында жұмыс істеп тұрған фабрика жылына 650 мың тонна кен өңдеуге бейімдеу. Сондай-ақ, қазан айында Аршалы ауданында темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыт пайдалануға берілді.  Желтоқсан айында Аршалы ауданында қуаттылығы жылына 14,5 мың тоннаға дейін құс етін  өндіретін кәсіпорын және Ерейментау ауданындағы жел электр станциясы бар. Құс фабрикасының 4-ші кезеңі таяуда іске қосылады деп күтілуде, – деді Ербол Оспанов.

Алдағы жылы 187 миллиард теңгеге 100-ден астам жоба іске қосылады деп жоспарлануда. Бұл 2,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады деген сөз. Облыс экономикасы үшін тағы бір маңызды бағыт шағын және орта бизнесті дамыту. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы жақсы көмек болды.

–17,6 миллиард теңге несие сомасына 482 жоба субсидияланды, 4 миллиард 617 миллион теңге көлемінде субсидия төленді, 139 миллион теңге сомасына 31 грант берілді, 2 жоба бойынша өндірістік инфрақұрылымды жүргізуге 921 миллион теңге бағытталды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» екінші бағыты аясында 195 азамат шағын несие алды, – деп атап өтті Ербол Оспанов.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 6,7 пайызға көбейіп, 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.

Камила ӘБДЕЛМАНОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар