Сауда заңнамасын бұзғандар жазаланды

27 кәсіпкер әлеуметтік маңызы бар тауарларды жоғары бағамен сатқан және 3 нысанда сауда саласындағы заңнама бұзылған. Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Ербол Оспанов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Ербол Оспанов атап өткеніндей, әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны ұстап тұру саласында барлық мүмкіндіктер қолданылады. Олардың бірі – «айналым схемасы», яғни, қайтарымды несиелеу. «Гормолзавод» серіктестігімен келісімге қол жеткізілді және қазір олар төмендетілген бағамен 200 тоннаға жуық сары майды сатып жатыр. Қазіргі уақытта бағаны тұрақтандырудың жаңа тәсілдерін іске асыру үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияға қаражатты резервтеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

– Биылғы жылы ӘКК 45 сауда нүктесі арқылы 378 миллион теңгеге 816 тонна қант сатылды. Облыстағы қант жағдайы тұрақты, қыркүйек айының басынан бастап баға 4,6 пайызға төмендеді. Маусымаралық кезеңде көкөніс бағасының күрт өсуіне жол бермеу мақсатында тұрақтандыру қоры бойынша форвардтық шарттар шеңберінде жергілікті өндірушілерден маусымаралық уақытта жеткізумен 2000 тонна картоп, 300 тонна сәбіз және 300 тонна қырыққабат, сондай-ақ, Жамбыл облысымен  200 тонна пиязға келісім-шарт жасалды. Жалпы, облыста 1,1 мың тонна көлемінде тауарлар қоры қалыптастырылды, оның ішінде: тұрақтандыру қорында 907 тонна, «айналым схемасы» бойынша 240 тонна, – деп түсіндірді Ербол Оспанов.

Жыл басынан бері тұрақтандыру қорына 1645 тонна тауар сатып алынып, төмендетілген бағамен 1936 тонна тауар сатылды. «Айналым схемасы» бойынша тауарлардың 9 түрі бойынша жалпы сомасы 1,4 миллиард теңгеге қайтарымды қарыздар берілді. Жергілікті билік 1054 келісім жасады. Облыс прокуратурасымен, сауда комитеттерінің, тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттерімен және бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп Көкшетау қаласы мен Бурабай ауданының сауда орындарына тексеру жүргізілді.

– Сауданы бақылау үшін рейдтер жүргізілді. Әлеуметтік маңызы бар тауарларды сату бойынша барлық сауда нүктелері тексеріліп, сауда үстемелері талданды. Тексеру барысында 27 кәсіпкерде әлеуметтік тауарларды сату кезінде сауда үстемелерінің көбеюі анықталды, сауда нүктелерінің 3 әкімшісі бойынша сауда қызметі саласындағы заңнаманың әртүрлі нормаларының бұзылуы анықталды. Барлық фактілер бойынша Көкшетау қаласы мен Бурабай ауданының әкімдіктері әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес шаралар қабылдады, ескерту туралы қаулы шығарылды, – деп қорытындылады Ербол Оспанов.

Камила ӘБДЕЛМАНОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар