Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 9 «А» сынып оқушысы Мұратқызы Диана
Жетекшісі: тарих пәні мұғалімі Капышова Эльмира Темиржановна
Қазақ халқы қандайда бір жақсы жаңалыққа сүйінші сұрайды. Сондай сүйінші сұрайтындай, ел үшін қуанған сәтіміз. Тәуелсіздік алған алған күніміз болып табылады. Бұл күні ел қуанды,біз қуандық, бауырлас түркі халқы қуанып алғаш тәуелсіздігімізді мойындады. Себебі, бұл күн қазақ халқы үшін бөрігін аспанға лақтырып қуанатын маңызды мерекелердің бірі де бірегейі. Өйткені Қазақстанның өзге елдермен терезесі теңесіп, шекарасы анықталып, өзіндік туы мен әнұраны бар жеке дара ел болып, әлем картасыннан ойып тұрып өз орынын алды. Әр қазақ күтіп, армандаған азаттық таңы дәл осы күні атты. Осы ұзақ күткен мерекеміз соңғы рет 2009 жылы тойланған болатын.
Жылдар өте ұлы мереке қайта жанданып 13 жылдан соң 2022 жылдың 25 қазанынан қайта тойлануда. Көптеген жаңалықтарды оқи отырып, соңғы жылдары тойланбау себебі, 2009 жылы заңға өзгерістер еніп, 30 тамыз ҚР –ның Конституция күні, ұлттық мереке етіп бекітілді. Ал, 25 қазан мемлекеттік мерекелер қатарынан алынып тасталды. Бүгінгі таңда жаңғырып, жаңарып атаулы мереке ҚР –ың президенттің жарлығымен өз күшіне енді. Осы қоғамның азаматы ретінде, бұл күннің қайта тойланғаны мен үшін үлкен қуаныш.
Бұл күн елдің тәуелсіздік алу жолындағы тарихи қадамдарының бірі. Басқа –басқа бұл күн мереке болып тойлнбаса басқа мерекелердің маңызы жоқ деп ойлаймын. Бұл мерекенің маңыздылығына тоқталсақ, атаулы күн елдің өсуімен дамуына, еркін азат елде өмір сүруімізге жол ашты. Қайта жаңғырған ұлттық мерекенің арқасында, әр қазақтың жүрегіне мақтаныш сезімі ұялап, өзін ерекше күйге бөлері айдан анық. Өйткені азаттық алу жолындағы сан мәрте күрестерде ерлік көрсеткен батырларымызды еске алып, ұлы тұлғаларымызға алғыс айтып, бас иіп тағзым еткедей боламыз.
Анығына келгенде бұл мереке –ұлттық рухты көтеретін тұғырлы мерекелердің теңдесізі. Қазақстандықтар секілді басқа мемлекеттерде өз тәуелсіздігін алған күндерін дүркіретіп тойлайды. Қай ел болмасын тәуелсіздік күні өте маңызды. Сол себепті «Республика күнінің» қайта жаңғырғаны дұрыс шешім болды. Алдағы уақытта бұл атаулы дата бұрынғыдай концерт және тағы да басқа іс шаралармен шектеліп қалмауы тиіс. Бұл күнді әрбір Қазақстандық асыға күтетіндей, маңыздылығын сезінетіндей тойлануы тиіс. Біріншіден, осылай тойлау арқылы тарихқа көз жүгіртеміз
Екіншіден, Республика күнінің маңыздылығы артады.
Мысалы; халық арасында тарихи іс шаралар өткізген жөн. Мектептерде, жоғарғы оқу орындарында ашық сабақтар, конференциялар өткізу міндеттелсе болашақ жастардың яғни біздерің тілге, ұлтқа, салт дәстүрімізге деген құрметіміз артар еді. Республика күнін ән ұранымызды шарықтатып, көк туымызды желбіретіп, қыран құсымызды көк аспанда қалықтатып жоғарғы деңгейде тойлайық. Осы сәттен бастап жылдар бойы тойланып, құндылығын жоғалтпасын. Бұл күннің оралуына көптеген ғалымдар, жастар қуануда. Мысалы, сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев былай деген,-«Бұл өте маңызды тарихи шешім. Еліміздің тәуелсіздігі шын мәнініде осы күнен басталды және мен бұл шешімді қолдаймын».
Көптеген журналистер қауымы жастардан сұхбат алған болатын жастар бір ауыздан бұл шешімді дұрыс деп қабылдады. Олай болса менде көпшілікпен толықтай келісемін Республика күні ешқашан ұмытылмай күнтізбеге ерекше белгіленіп тойлануға әбден лайық мереке. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болып, Қазақстан Республикасы мәңгі жасасын!