Ақмола облысында «River Coins Limited» қаржы пирамидасын құрған әйел сотталды

– Ақмола облысында «River Coins Limited» қаржылық пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

Ұзақ уақыт бойы желілік маркетингпен айналысып келген Г.У.Оралбаеваның қаржылық пирамида жүйесі негізінде жеке тұлғалардан ақша тарту арқылы табыс табу мақсатында компания құруға бел буғаны анықталды.

Оралбаеваның «River Coins Limited» қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде 2000-нан астам жеке тұлға тартылған, келтірілген шығын көлемі 18 миллион теңгеден асады.

Сот Оралбаеваны қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды.

Дереккөз:  www.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар