Ақмола облысында Дулат Бабатаев поэзиясының үздік оқырманы таңдалды

2022 жылдың 23 қараша күні атақты тұлғалар А.Байтұрсынов, Ғ.Мүсірепов, М.Мәметова, Д.Бабатайұлы, Ғ.Мұстафин, Д.Қонаевтың айтулы күндері аясында Дулат Бабатайұлының 220 жылдығына арналған «Дулат оқулары» қашықтық форматтағы байқаудың облыстық кезеңі өтті.

Іс-шараның мақсаты: оқушылардың Дулат Бабатайұлы туралы білімдерін тереңдету және көрнекті ақынды қастерлеп, құрметпен қарауды қалыптастыру.

Ұйымдастырушы Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы.

Байқауға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 47 оқушысы қатысты.

Құзыретті әділқазылар алқасының шешімімен жүлделі орындар төмендегі ретпен орналасты:
1 орын – Секен Айнабек,Ерейментау ауданы, Бөгенбай батыр атындағы мектеп – лицейі
2 орын – Ақанай Марғұлан, Зеренді ауданы, Викторовка ауылының ЖОББМ
3 орын – Даулет Санжар, Біржан сал ауданы, Еңбекшілдер ауылының ЖОББМ

Байқау жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар