Қытай 2028 жылға қарай Айды зерттейтін халықаралық стансасын ашады

– Халықаралық Айды зерттеу стансасының негізгі конструкциясы шамамен 2028 жылға дейін салынады. Бұл туралы Қытайдың Айды игеру бағдарламасының бас конструкторы У Вэйжэнь мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Оның айтуынша, Халықаралық Айды зерттеу стансасының (ILRS) негізгі конструкциясының құрылысы 2028 жылға дейін аяқталады.

Станса Айға қону аппараттарынан, Ай бетінде жүру және адам тіршілігін қамтамасыз ету жүйесінен тұрады.

«Біз атом энергиясы арқылы ұзақ уақыт бойы энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа энергетикалық жүйені әзірлеп жатырмыз. Ал коммуникациялық инфрақұрылым Ай мен Жер арасындағы немесе Марс сияқты басқа планеталармен байланысты қамтамасыз етеді», – деп келтіреді қытайлық ғалымның сөзін CCTV.

ILRS негізгі конфигурациясы «Чанъэ-6,7 және 8» миссиялары барысында іске қосылады.

Станция қолданысқа енгізілгеннен кейін оған алдымен қытайлық астронавтар, содан кейін басқа серіктес елдердің ғарышкерлері бара алады.

Алайда, көбіне станса бос тұрады.

Фото: Roscosmos/CNSA

 844 Total Views,  16 Views Today

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар