Күн тәртібіндегі маңызды мәселелер талқыланды

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткізілген әкімдік мәжілісінде облыс тұрғындарын жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, 2022-2023 жылдардағы қыс маусымына дайындық, өңірдегі өрт қауіпсіздігі мәселелері қаралып, талқыланды.

Кеңес отырысына қала мен аудан әкімдері, облыстық департаменттер мен басқармалардың басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Күн тәртібіндегі қаралған алғашқы мәселе бойынша облыстық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Шолпан Рахматуллина баяндама жасап, ағымдағы жылдың он айыныңқорытындысы бойынша жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек көрсету, мүгедек адамдарды оңалту және бейімдеу сияқты үш негізгі бағытты тілге тиек етіп, тарқатып айтып берді.

Баяндамада айтылғанындай, Ақмола облысында ағымдағы жылы 19 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылған.  Оның бес мыңы Ұлттық жобаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылған. Алайда, жұмысқа тұруын тұрғанымен, бірақ, зейнетақы аударымдарынкөре алмай отырғандар да баршылық. Мәселен, жұмысқа орналасқан бес мың адамның ішінде үш мың адамның ғана міндетті зейнетақы жарналары түсіп жатыр екен. Ал, тұрғындардың еңбекпен қамтылғаны сол төлемдер арқылы ғана расталады. Ақмола облысында 29 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жандар тұрады. Бір өкініштісі өңірімізде оларға оңтайландырылған нысандар аз.

Қазіргі уақытта өңірімізде осыған 219 нысан бейімделген. Қалай дегенменде бұл жұмыс әлі де өз жалғасын тауып,жүйелі атқарылатын болады дейді сала басшылары. Бейімделуге жоспарланған 258 нысанның 219-ы осыған лайықталған.  Алайда,бұл көрсеткіштің жыл аяғына дейінтолық орындалмау қаупі бар. Мәселен,Есіл ауданында әлі18 нысанбейімделмеген. Ал, мұндаемін-еркін өздігінен жүре алмайтын 217 мүмкіндігі шектеулі адам тұрады екен. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту құралдарымен және қызметтермен қамтамасыз етудің төмен үлесі 3 өңірде байқалады. Атап айтар болсақ,  Бұланды ауданы – 87,9 пайыз, Көкшетау қаласы – 86,5 пайыз, Қосшы қаласы – 78 пайыз.

Мәжілісте сөз сөйлеген облыс әкімі қордаланған мәселелерді тез арада шешу керектігін айтып, халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту және мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау мәселелерінде келеңсіздіктер болмауы керектігін баса айтты.

Күн тәртібінде қаралған мәселелердің бірі – «Жергілікті атқарушы органдардың, жол қызметтері мен ұйымдардың 2022-2023 жылдардағы қысқы кезеңге дайындығы және Ақмола облысындағы өрт қауіпсіздігінің жай-күйі туралы».  Бұл тақырыпта Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев баяндама жасап,  тарқатып айтып берді.  Оныңайтуынша, өңірімізде өрт қауіпсіздігі талабын бұзудың 8 мыңнан аса дерегі анықталған. Жыл басынан бері облыс аумағында 807 өрт оқиғасы тіркелген. Өрт салдарынан 22 адам қаза тапқан. Департамент басшылығы өз баяндамасында алдағы болжамға сәйкес, биылғы жылы қыс қатты болатындығын баса айтып, қаралған мәселе жіті назарда екендігін атап көрсетті.

Облыс аумағы бойынша автомобиль жолдарының ұзындығы 7,9 мың шақырым. Соның ішінен 1100 шақырымнан асатын, қар үйінділеріне бейім 390 учаске анықталды. Автожол учаскелерін қар үйінділерінен қорғау жөніндегі негізгі іс-шаралардың бірі қар ұстайтын қалқандарды орнату болып табылады, алайда, олардың саны бүгінгі күнге дейін жеткіліксіз және қысқы кезеңде жолдарда осыған орай келеңсіздікте туындауы мүмкін.  Облыс жолдарында барлығы 113 567 метр қардан қорғайтын қалқандар орнатылды, қосымша 57 337 метр қар қалқанықажет екендігі айтылды.

Сонымен қатар, отырыс барысында Ақмола облысының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының қысқа дайындығы және қазіргі уақытта атқарылып жатқан жұмыс жөнінде баяндалды.

Мәжілісті қорытындылаған облыс әкімі сала басшыларына қысқы уақытта қауіпсіздік шараларын жіті назарда ұстауды тапсырып, нақты міндеттер жүктеді.

Ұлмекен  ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының»  өз тілшісі.

Суретті  түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар