Коронавируспен ауырғандар саны үш күн қатарынан өсіп келеді

– Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны үш күн қатарынан өсіп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратқа қарағанда, өктен тәулікте вирусты жұқтырғандар саны 139 адамды құрады. Сондай-ақ 6 адам аталмыш дерттен жазылып шыққан.

25 қарашадағы мәлімет бойынша, елде 854 адам коронавирус инфекциясынан (–706+ және 148 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 122 пациент стационарда, 732 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

7 адамның жағдайы ауыр,

5 пациенттің жағдайы өте ауыр,

1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Айта кетейік, 22 қаңтар күні ковид жұқтырғандар саны 56 адамды құраса, 23-і күні олардың саны 92 адамға жетті. Ал кеше, 24 қарашада олардың саны 116 адам болды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар