Ақмола облысында «Жыл окушысы» республикалық қашықтықтан-онлайн байқауының өңірлік кезеңі өтті.
Іс-шараны «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы ұйымдастырды.
Байқауға үш жас тобы бойынша 37 оқушы қатысты.
4 турдың қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегі ретпен орналасты:
6-7 сыныптар жас тобы:
1 орын – Ерасыл Қажымұқан, Бурабай ауданы, Щучинск қаласының №1 мектеп – гимназиясы;
2 орын – Марк Шайхисламов, Атбасар қаласының №1 ЖОББМ;
2 орын – Ділназ Жұмағұл, Шортанды ауданы, Жолымбет ауылының ЖОББМ;
3 орын – Дарья Шевнина, Есіл ауданы, Курское ауылы ЖОББМ;
3 орын – Дана Қосшығұлова, Жақсы ауданы, Жақсы ауылының №2 ЖОББМ;
8 -9 сыныптар жас тобы:
1 орын – Әділ Қәукеш, Зеренді ауданы, Шағалалы ауылының ЖОББМ;
2 орын – Амина Әубәкірова, Атбасар қаласының №5 ЖОББМ;
2 орын – Дәния Ысқақова, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласының №1 ЖОББМ;
3 орын – Рамир Әбенов, Ерейментау ауданы, Торғай ауылының ЖОББМ;
3 орын – Жұлдыз Мұхаметғалиева, Көкшетау қаласы, Мәлік Ғабдуллин атындағы № 3 мамандандырылған гимназиясы;
3 орын – Артём Васильцов, Сандықтау ауданы, Максимовка ауылының ЖОББМ;
10 — 11 сыныптар жас тобы:
1 орын – Рүстем Мустафин, Атбасар қаласының №3 ЖОББМ;
2 орын – Асет Еркімбаев, Қорғалжын ауданы, Сабынды ауылының Ә.Үсенов атындағы ЖОББМ;
2 орын – Мәдияр Қабдуллин, Щучинск қаласының № 9 мектеп –гимназиясы;
3 орын – Елена Габидулина, Сандықтау ауданы, Балкашин ауылының ЖОББМ;
3 орын – Ернияз Ербатыр, Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы IT лицейі».
Байқау жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының 1,2,3 дәрежелі дипломдарымен, ал жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады. Барлық қатысушыларға белсенділік танытқаны үшін грамоталар берілді.
«Жыл окушысы» байқауының республикалық кезеңіне үш жас тобы бойынша бірінші орын алған жеңімпаздар қатысады.