Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мәселелері қаралды - АРҚА АЖАРЫ

Отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мәселелері қаралды

Ақмола облысының прокуроры Айдос Майлыбаевтың төрағалығымен үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. 

Отырыс 2021 жыл мен ағымдағы жылдың тоғыз айында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылық мәселелеріне арналды. Отырыс жұмысына облыс әкімінің орынбасары А.Б.Әміренова, Үйлестіру кеңесінің тұрақты мүшелері, облыстың құқық қорғау, арнайы және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарының басшылары қатысты.

Мемлекет басшысы отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға ерекше назар аударып келеді. Тұрмыстық қылмыстың алдын алу ішкі істер органдарының басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп іске асыратын негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Соңғы 5 жылда облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық екі есеге дейін артқан. Биыл қылмыстар саны 12,7 пайызға қысқарғанымен, осы бағытта қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіздігі ескеріле отырып, бұл мәселе арнайы Үйлестіру кеңесі отырысының күн тәртібіне енгізілді.

Отырыс барысында жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Е.З.Хұсайыновтың, облыс прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы М.М.Рыскелдиннің баяндамалары тыңдалды.

Облыс прокуроры отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегушілердің құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша тиісті шараларды уақытылы қабылдауға назар аударды.

Ақмола облыстық полиция департаментінің бастығы генерал-майор Д.Ә.Таев өз сөзінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресте нақты шаралар қабылданатындығын атап өтті.

Сол сияқты, облыс әкімінің орынбасары А.Б.Әміренова жергілікті атқарушы органдар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жұмысты ерекше бақылауда ұстайтынын және жоспарды жаңарта отырып, нақты шара қабылдайтынын атап өтті.

Сондай-ақ, облыс прокуроры көрсетілген проблемаларды шешу бойынша пәрменді тетіктерді пысықтау қажеттігін атап көрсетті. Отырыс қорытындысы бойынша жауапты органдарға проблемалық мәселелерді шешу бойынша тапсырмалар берілді және осы саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ұсыныстар әзірленді.

Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар