Ақмолалық оқушылар XV Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінде жүлде алды

2022 жылғы 29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің базасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша XV Президенттік олимпиаданың үшінші (республикалық) кезеңі өтті.

Олимпиада бұған дейін республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған республиканың білім беру ұйымдарының 11-сынып оқитын 191 оқушысы арасында өткізілді.

Олимпиаданың басты идеясы – патриоттық рухты, мықты, интеллектуалды, жоғары білімді қазақстандық оқушыларды тәрбиелеу, жаратылыстану-математика ғылымдарын тереңдетіп оқыту.

Аталмыш олимпиадаға Ақмола облысынан 10 оқушы қатысты. Оның қорытындысы бойынша ІІІ дәрежелі дипломдармен келесі қатысушылар марапатталды:

1. Балсейіт Елдана – Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы;

2. Ни Тимур – «IQanat High School of Burabay» мектебінің 11-сынып оқушысы;
Президенттік олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдерде төрт пән бойынша тапсырмаларды орындады: математика, физика, химия және биология.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды және республиканың жоғары оқу орындарына түсу үшін берілетін білім гранттарын алу мүмкіндігіне ие болды.

 122 Total Views,  2 Views Today

By Арқа ажары

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар