Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кәсіпорын тұрғын үй құрылысына инвестиция салуда - АРҚА АЖАРЫ

Кәсіпорын тұрғын үй құрылысына инвестиция салуда

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифингте айтылды. Біржан сал ауданының әкімі Достанбек Есжановтың мәлімдеуінше, өңірде үш ірі кәсіпорын экономиканы дамытудың белсенді сегменті болып отыр.

Ауданда  биылғы  жылы 197 мың гектар алқапқа жаздық дақылдар егілді. Өткен жылдармен салыстырғанда егіс алқабы 28 мың гектарға ұлғайды, оның ішінде жемшөп дақылдарын егу 16 700 гектардан 22 500 гектарға дейін ұлғайтылды. Техникалық  парк жыл сайын жаңартылып отырады. Осы жылы жалпы сомасы 600 миллион теңгеге 20 техника жаңартылды.

Аудан бойынша шағын және орта бизнес барлық салаларда жақсы нәтижелер беріп отыр. Мысалы, жеке тұрғын үй құрылысы есебінен іске қосылған тұрғын үй алаңының жалпы көлемі 2375 шаршы метр.

«ҚазГерҚұс» кәсіпорнының жеке инвестициялары есебінен Степняк қаласындағы жатақхананы 18 пәтерлі үйге айналдыру жұмыстары аяқталуға жақын. Сондай-ақ, биыл Степнякта 2023 жылы аяқталатын 21 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды.

–Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тұрақтандыру мақсатында 45 меморандум жасалып, 77 миллион теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері сатылған 24 жәрмеңке өткізілді. Қала тұрғындарын ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында мұндай жәрмеңкелер әлі де өткізілуде, – деп атап өтті Достанбек Есжанов.

Сондай-ақ, ауданда 900-ге жуық шағын кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейтін көрінеді. Ондағы жұмысшылар саны 3519 адамды құрайды. Сонымен қатар, 124 жаңа жұмыс орындары ашылған.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту үшін де  үлкен жұмыстар атқарылып жатыр деп сендірді аудан басшысы. Басты міндет – жаңа жұмыс орындарын көптеп құру және сақтап қалуға әрекет жасау, шағын бизнесті қолдау, халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету арқылы халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту деп нақтылады өз сөзін басшы.

–Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында 13 адамға жалпы 15 миллион теңге сомасында мемлекеттік гранттар берілді. 2022 жылдың басынан бастап әлеуметтік көмек алған азаматтардың саны төрт жүз жетпіс алты адам. Жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша екі жүз алпыс жеті адам жүгінсе, оның екі жүз төрті жұмыспен қамтылды. Есептік кезеңге жұмыссыздар саны үш жүз он екі адамды құрады, – деп мәлімдеген Достанбек Есжанов ауданға қатысты өмірлік маңызы бар басқа да мәселелерге тоқталып, журналистердің сауалдарына жауап берді.

Камила ӘБДЕЛМАНОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар