Қысқы туристік маусым бастау алды

Ақмола облысыының курорттық аймақтарында қысқы туристік маусым Қысқы туристік маусым басталды. 2023 жылы туристер қатары 815 мң адамға дейін артады деп күтілуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте баяндалды.

Туристік нысандар шаңғы маршруттарын іске қосып, мұз айдындарын ашты, мұз қалашықтары да  салынып жатыр. «Қазақстанның інжуі» осы қыста өз қонақтарын таң қалдырып қана қоймай, мүмкіндігінше дем алушыларды да көптеп тартқысы келеді. Бурабай курорттық аймағы туристерді қабылдауға үлкен жауапкершілікпен тиянақты дайындалды. Қонақтарды орналастыру жайын ғана ойламай, сонымен қатар, оларды таза ауада әртүрлі ойын-сауықпен қуанту керек. Сондықтан, туристік нысандар демалушылар үшін тартымды және ерекше бағдарламалар ұйымдастыруға тырысып бағуда. Бұған «қазақстандық Швейцарияның» бірегей ландшафты мен табиғаты да бар талаптарға сай келіп-ақ тұр.

«Rixos Borovoe» қонақ үйінің жанында орналасқан «BurabayLand» отбасылық ойын-сауық саябағының аумағында Аяз атаның қазақстандық резиденциясы шымылдығын ашты.  Ол жерде қонақтарды әлемнің жеті кереметі, эльф мектебі, сыйлық шеберханасы, кәдесый дүкені сияқты ойын-сауықтар күтеді. Санта резиденциясына экскурсия құны өткен жылдың деңгейінде қалды және бір адамға 2 500 теңгені құрайды. Сондай-ақ, «BurabayLand» ойын-сауық саябағында бұғы, ит шана және атқа міну сынды қызықтар күтіп тұр. Сондай-ақ, көңілді сырғанақтар мен сиқырлы мұз айдыны бар мұз қалашықтарын, коньки, шаңғыларды жалға алуға болады.

–15 желтоқсанда Сиқырлы «Экспресс Аяз атаға» баруды бастаймыз. Бұл Бурабай даму, «Kazakhtourism» және Қазақстан темір жолы бірлесіп жасаған жоба. Астана –Көкшетау бағытындағы электр пойызының екінші класты екі вагоны мерекелік түрде безендірілетін болады. Сондай-ақ, вагонда «Аяз атаның поштасы» хаттар жәшігі болады, жаңа жылдық музыка ойнайды. «Сантаға Экспресс» күн сайын сағат 06.13-те Астана қаласындағы «Нұрлы Жол» вокзалынан жөнелтілетін болады. Бурабай курорты станциясына келу сағат 09.47-де. Турфирмалар таңертең жаңа жылдық экспресте болатын туристер Санта резиденциясына барып, BurabayLand – да таңғажайып демалыс күнін өткізіп, кешке сол экспресте үйге оралуы үшін бір күндік турларды жоспарлап отыр, – деді «Бурабай Даму» ЖШС маркетинг бөлімінің басшысы Шыңғыс Оразалин.

Көптеген туристер Бурабайдың сұлулығына тәнті және демалыстарын осында өткізуге ниетті. Олар жыл сайын жақсарып келе жатқан сапалы қызмет пен түрлі ойын-сауық туралы оң пікірлерін айтады.

Қыс мезгілінде туристерді тарту үшін көрсетілетін қызметтердің саны артып келеді. Көптеген шипажайлар қозғалыс органдарының ауруларын, тыныс алу және жүрек-қан тамырлары органдарын емдейді, физиотерапия, сумен және балшықпен емдеу, ине және герудотерапия жүргізіледі. Туристерге жыл бойы демалуды қамтамасыз ететін көрнекті өңірдің заманауи қонақ үйлерінде мұз айдындары құйылады, шаңғы маршруттары салынып, шаңғы, коньки, сноуборд, қарда жүретін көліктерді жалға беру пункттері ашылады. Қазір спорттық іс-шаралар мен маңызды іс-шараларды өткізу арқылы туристер ағынын ұлғайту жоспарда бар. Спикерлер осы кезеңде демалушылар арасынан жаппай жанкүйерлерді тарта отырып, түрлі деңгейдегі бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу арқылы  туризмді дамытып, қысқы демалыс нысандарын барынша ерекшелендіру үшін барлық шаралар қарастырылып жатқанын атап өтті. Бұл тек Бурабай курорттық аймағына ғана емес, облысымыздың Зеренді, Сандықтау, Ерейментау, Қорғалжын аудандары сияқты көрікті жерлеріне де қатысты.

Камила Әбделманова.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар