Бүгінгі таңда прокуратура органдары заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алға қойған маңызды міндеттерді орындауда мемлекеттің сенімді тірегі қызметін атқаруда. Прокуратура құрылған күннен бастап, прокурорлар заңдылықтың күзетінде болып, республикада заңның дұрыс және біркелкі қолданылуын қамтамасыз етуде табандылық танытып, тынымсыз еңбек етіп, қызметтік міндеттерін адал атқарып келеді.
Осы тұрғыдан алғанда, азаматтардың өтініштерін қарау, сондай-ақ, олардың Конституциялық құқықтарын қорғау прокуратура қызметінің маңызды бағыттары болып табылады.
Ағымдағы жылдың 5 қарашасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көпшілік алдында бірқатар заңдарға қол қойғаны баршаға аян.
Осындай салтанатты жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды.
Бұл заң, ең алдымен, прокуратураның құзыретін, ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібін белгілейді.
Жалпы, «Прокуратура туралы» жаңа Конституциялық заңның қабылдануы азаматтардың, мемлекеттің және кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда прокурорлардың құзыреті мен мүмкіндіктерін кеңейтетіні сөзсіз.
Прокурорлар жұмысындағы басты бағыттардың бірі адам құқықтарын қорғау екенін атап өткім келеді.
Еңбекте заңдылықты, жоғары тәртіп пен мәдениетті сақтау жолындағы күрес прокуратура органдарының кадр саясатының басты міндеті болып табылады.
Прокуратура органдарының алдында тұрған міндеттерді табысты шешудің, халық алдындағы сенімі мен беделін сақтаудың басты шарттарының бірі прокурорлардың саналы тәртібі екендігі айқын.
Осыған орай, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2020 жылдан бастап құқық қорғау қызметіне кадрларды іріктеу және даярлау тәртібі енгізілді – құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін тұлғалар міндетті бастапқы кәсіптік даярлықтан өтуге айналды. Прокуратура сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметтері үшін жас мамандардың қызметке кіруінің алғы шарты.
Ақмола облысының прокуратурасы ұзақ уақыт бойы кадрлардың ұстаханасы болып келеді. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының орталық аппаратында бірқатар қызметкерлер табысты еңбек етуде, облыс прокуратурасы қызметкерлерінің басым бөлігі жоғарылату мақсатында басқа салалардағы басшы қызметтерге ауыстырылды.
Бүгінде облыстың 20 аудан, қалаларындағы прокуратура органдарында 214 прокурор қызмет етеді.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық прокуратура органдарының ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекеміз – Қазақстан Республикасының прокуратурасы күнімен құттықтаймын! Азаматтардың бостандығы мен әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау, заңдылық пен тәртіпті сақтау жолындағы қызметтеріңізге алдағы уақытта да табыс, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!
Айдос МАЙЛЫБАЕВ,
Ақмола облысының прокуроры,
3 сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі.