Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында Ақмола облысы Аршалы аудандық сотының үкімімен ҚР ІІМ ҚАЖК қарасты «Еңбек» ШЖҚ РМК «Еңбек-Аршалы» филиалы директорының міндетін атқарушы К.М.Асмагиев сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі мөлшерде жымқыру жолымен ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды және оған орташа қауіпсіздікті түзеу мекемесінде 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Осы үкіммен оның көмекшілері – мердігер компаниялардың директорлары С.С.Жаманшалов пен Н.С.Жаманшалов 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Тергеу мәліметтері бойынша, жоғарыда аталған адамдар 2019 жылдың тамыз айынан қыркүйек айына дейін Аршалы ауданының орта мектебінің ғимаратын жөндеуге бөлінген 26 499 067 теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлаған.
Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.
Үкім сот залында «Еңбек-Аршалы» филиалы ұжымының қатысуымен жарияланды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.