Сот шығынды өндіріп берді

Егер пәтеріңізге жоғарғы қабаттағы көршілерден су ағып, залал келтірілсе, сотқа жүгінуге асықпай, өзара бітімгершілікке келуге тырысыңыз. Себебі, сот сарапшылары араласса, келтірілген зардапты өтеу, оданда қымбатқа түсуі мүмкін.

Дәл осындай оқиға Бурабай ауданындағы көпқабатты тұрғын үй кешенінің бірінде орын алған. Үйдің 3-інші қабатында тұратын «Б»төмен қабатта тұратын «А.»-ның пәтеріне бірнеше рет су ағызған. «А.» үш жыл бойы көршісімен қарым-қатынасын бұзғысы келмегендіктен, ерікті түрде өтемақыны өзі төлейді деп үміттенген. Бірақ, «Б.» залалдың құнымен келіспеген.

Сондықтан «А.» сотқа жүгінуге мәжбүр болады. Нәтижесінде, сот «Б.»-нің пәтерінен су ағудың салдарынан «А.»-ның екі рет зардап шеккенін анықтайды. Олар 2020 жылы «Б.» пәтерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде ерітіндінің ағуы себебінен және 2021 жылы «Б.» пәтерінің су құбырынан орын алған. Қазіргі таңда пәтерге шығын келтіру фактілері дәлелденді. Сот сарапшысы тексеру жүргізіп, қалпына келтіру жөндеу жұмыстарының құны 1 миллион теңгені құрағанын мәлімдеген. Ал, сарапшының бұл есебін «Б.» мойындап, сот шешімімен «А.»-ның талабы қанағаттандырылды. «А.»-ның пайдасына «Б.»-дан пәтеріне келтірілген материалдық залал өндіріліп алынды. Сонымен қатар, «Б.»-дан сот шығындары мен өкілдік шығындары да өндірілді. Егер де көршілер дауды бейбіт жолмен шешкен жағдайда, бұл шығындар орын  алмас еді.

Бурабай аудандық соты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар