Ақмола облысының әкімі Көкшетау тұрғындарымен кездесті

– Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев облыс орталығының тұрғындарымен кездесті. Онда тұрғындар аймақ басшысына әлеуметтік, тұрғын үй, коммуналдық салалар және инфрақұрылымды дамыту бойынша өзекті сұрақтар қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі мен әртүрлі құрылымдық бөлімшелердің жауапты тұлғалары әрқайсысын жеке тыңдап, қызықтырған мәселе бойынша кеңес берді.

Жергілікті тұрғындардың көпшілігі толық жауап алды. Сондай-ақ, кейбіреулер өткен кездесулерде көтерілген мәселені жедел шешкені үшін алғысын жеткізді.

«Электр энергиясы мәселесі болды, бәрі ойдағыдай орындалды. Біздің жарықтандыру өте жақсы, сыртта жарық. Атқарылған жұмыс үшін, тез әрекет еткеніңіз үшін рахметімді айтуға келдім», – деді Оралбек Өміржанов.

Көкшетауда аутизмі бар балаларды қолдау орталығын ашу туралы ұсыныспен зейнеткер Мәди Айтжанов жүгінді. Тұрғынның айтуынша, бұл орталық толық күн жұмыс істегені жөн.

Өтініш иесін тыңдаған өңір басшысы білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшыларына тиісті тапсырма берді.

Бірден өтеусіз негізде үй-жай мәселесі шешілді.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету – қала тұрғындары жиі көтеретін проблеманың бірі болды. Әрбір жағдай тұрғын үй заңнамасы шеңберінде жеке қаралды.

Саяжай тұрғындары үшін инфрақұрылымды жаңғырту және қалалық автобус рейстерін ұлғайту өзекті.

Осы мәселемен олар облыс басшылығына жүгінді. Көкшетау әкімдігіне әрбір түйткілді кешенді түрде шешу, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және басқа міндеттер жүктелді.

Кездесуді қорытындылай келе Ермек Маржықпаев қойылған мәселелерді шешудің халық алдындағы құқықтық маңызы мен жауапкершілігін атап өтті.

«Бүгін айтылған әрбір мәселе шешілгенін қалаймын. Біздің міндетіміз – халыққа көмектесу», – деді ол.

Айта кетейік, облыс орталығының 78 тұрғыны өңір басшысының қабылдауында болған.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар