Ел дамуының жаңа кезеңіндегі қоғамдық сана

 «Қоғамдық келісім» КММ конференц-залында «Әділетті Қазақстан – заманауи қоғамдық сананы қалыптастыру» атты дөңгелек үстел өтті.

 Оған «Қоғамдық даму орталығының» қызметкерлері, Көкшетау қаласының зиялы қауым өкілдері және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ғалым-ұстаздары мен студент жастары қатысты.

Іс-шараның мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауындағы «Жаңа Қазақстан», «Әділетті Қазақстан» идеясы міндеттерінің іске асырылу аясындағы нақты жұмыстарды талқылау, ел жастарының санасына ұлттық рухани құндылықтарымызды дарыту болып табылады.

Ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын «Жаңа Қазақстан» жобасының іске асырылуы барлығымыз үшін өте маңызды. Бүгінде мемлекетіміз жаңа кезеңге қадам басып отыр. Қоғамдық сананы жаңғырту барысы үлкен маңызға ие. XXI ғасырдағы жаhандану дәуірі жағдайында қазіргі қоғамның барлық салаларында үлкен өзгерістер болып жатыр. Осы орайда, қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері, оның шешімін табу басты мәселеге айналуда. Ол үшін ең алдымен қоғамдық сананы өзгертуіміз қажет. Өз тарихын терең ұғынып, ұлттық құндылықтарын шын бағалай білетін халықтың ғана болашағы мәңгілік болары шындық.

Ел Президенті ұсынып отырған «Жаңа Қазақстан», «Әділетті Қазақстан» идеясы қоғам дамуында шешуші рөл атқарары сөзсіз. Ұлттық мәдениетіміз, тарихи және мәдени құндылықтарымыз бен әдет-ғұрыптарымыз – қоғамды рухани жаhандандырудың негізгі тірегі. Тәуелсіз еліміз өркениетті, дамыған ел болуға тиіс. Жаңа Қазақстанның мақсаты да осында.

Шара барысында Ақмола облысы ардагерлер Кеңесінің төрағасы, жазушы-аудармашы, қоғам және мәдениет қайраткері Ғосман Төлеғұл, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы, Ақмола облысы қоғамдық Кеңесінің төрағасы Ермек Нұғыманов, Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының басшысы Мәнсия Есекеева, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ғалым-ұстазы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Марат Өтегенов, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Қазақстан тарихы және «Рухани жаңғыру» кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі Ғалымтай Төлепбергенов тақырыпқа сай маңызды да құнды баяндамалар жасап, тағылымды ой-пікірлерімен бөлісті.

Шара соңында пікір алмасулар болып, жиынның қорытындысы шығарылды.

 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Закирдин ЖОРОБЕКОВ,
«Манас» этномәдени орталығының төрағасы:

 Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді Ақмола, Көкше өңірлеріндегі қырғыз ұлттық мәдени орталығының атынан қасиетті де қастерлі мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақ-қырғыз қашанда төсекте басы, төскейде малы қосылған, бір-біріне құшағы ашық, бауырлас ел. Қазағымызда бәрі жақсы болса, біздің қырғыз ұлты қуанады, ал, қырғыз бауырларында ақжарылқап заман болса, қазақтардың көңілі жай, пейілдері ақ. Осы бір ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан ағайыншылық дәстүрін біздер де, сіздер де  жоғары бағалап, қадірлеумен келе жатырмыз.

Біз осы бір тірлігі мамыражай елде тұрып жатқан қырғыз ағайындар қашанда тілек-ниетімізді ақадал қалпында ұстап, қазақ елінің көркеюі үшін жергілікті халықпен бірдей күш-жігер жұмсауды өзіміздің қасиетті борышымыз деп білеміз. Алда бүкіл халық болып атап өтілетін Тәуелсіздік күні – қазақ халқының бостандығы мен бірлігін паш ететін, әрқайсымыз үшін айрықша қымбат мереке.

Бүгінгі таңда біздің қоғам әділ Қазақстанды құруға кірісті. Бұл жоғары да үлкен мақсат барлық қазақстандықтардың белсенді қатысуымен ғана жүзеге асырылатын іс. Осы жолда мен қонақжай және мейірімді қазақ еліне, барлық қазақстандық отбасыларға бақыт пен амандық, ойға алған істеріңіздің сәтті жүзеге асырылуын тілеймін.

Қазақстанда теңдік пен әділдік орнасын, ал, ортақ еліміздің әрбір шаңырағында бейбітшілік, молшылық және жайлылық болсын!

***

Тожибуви МЕДЕТОВА,
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Ақмола облысы өзбек ұлттық мәдени орталығының төрайымы:

 Құрметті жерлестер!

Қай ұлт, қай халықтың болсын ежелден армандап, қолына қондырғысы келетін бір бақыт құсы, қымбаты да, ешкімге, еш нәрсеге теңгермейтін басты құндылығы да – Тәуелсіздігі! Яғни, ешкімге бодан болмай, ешкімнің қол  астында бейнет көрмей, өз алдына дербес, еркін жағдайда өмір сүруі. Міне,  тәуелсіздік деген ұлы сөздің бар мәні мен маңызы да осы бір азат күнмен айшықтала түспек.

Бұл күнде біздің екінші Отанымызға айналған тәуелсіз Қазақстан да, осындай ұлы мұратына жеткен біздің өзбек халқы да нағыз жаймашуақ күндерді бастарынан кешіруде. Қаншалықты қиыншылық, орайы келмей жатқан істер болса да бір ғана тәуелсізбіз деген сөздің өзі әрбір отандасымыздың көңілін жадыратып, оны асыл мұраттар мен жақсы ойларға бастайды. Әлі де төрт құбыламыз түгел деп айтуға ерте болғанымен, шынайы тәуелсіздікке жетудің азабы да, тар жол, тайғақ кешу мехнаты да жетіп артылғанымен, қазір сенімді түрде осы жолда келе жатқан қазақ, өзбек бауырлас халқтарымыз түбі өз мақсаттарына жетіп, әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің бірі боларына сенім мол.

Қазірдің өзінде біздің елдер тарихи өлшем бойынша қысқа мерзім ішінде ғасырларға тең жолдан өтті. 1991 жылы 16 желтоқсан күні тәуелсіз мемлекет ретінде өз шежіресін бастаған қазақ елі бұл күнде көптеген мемлекеттер қызыға қарайтын, экономикасы мығым, іргетасы берік елге айналды. Біз сол үшін қуанып, көпұлтты мемлекетіміздегі әрбір отандасымызға, әрбір шаңыраққа зор денсаулық, мол бақыт, береке-бірлік тілейміз. Тәуелсіздік күні баршамызға құтты болсын!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар