Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Құрметті ақмолалықтар! - АРҚА АЖАРЫ

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтаймын!

Биыл өз тәуелсіздігіне, біздің басты құндылығымыз бен игілігімізге қол жеткізуінің 31 жылдығын атап өтіп отырмыз. Еліміз қалыптасу мен дамудың күрделі жолынан өтті.  Бұл күн біздің аталарымыз бен әкелеріміздің ерлігі, Отанымыздың және өзіміздің болашағымыз, келер ұрпақтар алдындағы парызымыз туралы ойланып-толғанатын қастерлі күн.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи тұрғыдан өз тәуелсіздігі бар ұлттың өз таңдайтын даму жолы бар екендігін атап өткендігі де тегін емес. Мемлекет басшысының бұл сөздері халықаралық қауымдастықта беделді, экономикалық тұрғыдан табысты бүгінгі Қазақстанды көз алдымызға әкеледі. Өйткені біздің өз даму жолымыз бар. Бүгінгі таңда еліміз өз халқының мақсат-мүддесін білдіретін реформалар жолында тұр.

Біз жуырда ғана Мемлекет басшысын сайлап, өзіміздің тағдыршешті таңдауымызды жасадық. Сөйтіп, еліміздің одан әрі демократиялық бағытты ұстануына, халықтың әл-ауқатының артуына дауыс бердік. Дәйекті реформалар мемлекетіміздің экономикалық дағдарыстарды ойдағыдай жеңіп, алға сенімді қадам жасауына мүмкіндік беретіндігіне үміт мол.

Құрметті жерлестер!

Біздің аймақ үшін биылғы жыл табысты болғалы отыр. Біз жаңа өндіріс орындарын іске қосып, тұрғын үй құрылысын өрістетудеміз. Ауыл еңбеккерлері астықтан жақсы өнім алды. Барлық негізгі көрсеткіштер бойынша аймағымыз еліміз бойынша алдыңғы қатарда. Осының бәрі сіздердің еселі еңбектеріңіздің нәтижесінде келді. Сол үшін баршаңызға алғысымды айтамын.

Бұл күні қасиетті тәуелсіздігіміздің бізге үлкен күреспен келгендігін еске алмай болмайды. Осы азаттығымызды сақтау – біздің басты міндетіміз. Жаңа Қазақстанның әділетті және табысты болуы өзімізге байланысты. Сондықтан біздің әрқайсымыздың алдымызда үлкен жұмыс тұр.

Сіздердің әрқайсыңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға ынтымақ, ырыс пен береке тілеймін. Біздің тәуелсіз еліміз өркендеп, гүлдене берсін. Әрдайым көк аспанымыздан күн шуағы нұрын төксін!

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев

***

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!
Қымбатты жерлестер!

Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарының атынан Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

Бұл мемлекеттік мереке бүгінгі ұрпақтыңбостандыққа деген сүйіспеншілігін, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру дәстүрін, рухани құндылықтарға ұмтылған көпұлтты халықтың ортақ тағдырын бейнелейді. Бұл – өз елінің тағдыры үшін жауапкершілік жүгін арқалаған барлық қазақстандықтардың мерекесі.

Біздің еліміз қалыптасу мен дамудың күрделі жолынан өтті. Бұл күн біздің әкелеріміз бен аталарымыздың ерлік істерін еске алу, Отанымыз бен болашағымыз, келесі ұрпақтар алдындағы борышымыз, жаңа Қазақстанның әділ әрі табысты болуы үшін не істеу керектігі туралы ой бөлісуіміз үшін де аса қажет.

Жақында ғана Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтті, оның барысында біздің халқымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты осы лауазымға қайта сайлады. Бұл – тарихи қадам еліміздің жаңа саяси трансформациясын, түпкі мақсаты еркін қоғам құру болып табылатын ауқымды реформаларды іске асырудың тағы бір бастамасы. Алда бізді көп жұмыс күтіп тұр. Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатыбіздің бәріміздің күнделікті еңбегімізге, күш-жігерімізге және жауапкершілігімізге байланысты. Егеменді мемлекеттің жетістіктерін сақтау және көбейту, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға ықпал ету ­–біздің ортақ міндетіміз.

Бұл күндері Ақмола облысының барлық тұрғындарына, әсіресе, Қазақстан тәуелсіздігінің бастауында тұрған ардагерлерге жанқиярлық еңбегі, шынайы партиотизмі, оң өзгерістерге құлшынысыүшін алғысымды білдіргім келеді.

Бұл мереке ертеңгі күнге сенімділігімізді ұлғайтып, балаларымыз бен немерелеріміздің жарқын болашағының символына айнала түседі және ортақ мақсаттарымыз бен міндеттерімізді одан әрі ілгерілетуге күш береді. Осынау сындарлы жолда баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, ынтымақ-береке, Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы барлық істерде жаңа табыстар тілеймін!

Талғат Жүнісов,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар